ТҮРКІСТАН: БИЫЛ АУЫЛДАРДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 4500-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ АУЫЛДАРДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 4500-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР ауылдық аймақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, проблемаларын жедел шешуге, ауылдардың экономикасын көтеруге мүмкіндік беру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынған болатын. Түркістан облысында аталған бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және биылға қойылатын талаптар мен өзгерістер жайында облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, аудан, қала әкімнің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімнің басшылары, жобаға қатысатын ауылдық округтердің әкімдері, Мансап орталықтарының бөлім басшылары, «Түркістан ӘКК» АҚ және «Ырыс МҚҰ» өкілдері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Ауыл аманаты» жобасының ауылдарда жүзеге асыру нәтижелеріне тоқталып, жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамаған ауыл әкімдерін сынға алды. Биыл несие алушыларға қойылатын талаптарға тоқталып, тиімді ұсыныстар айтты.

– Өткен жылы жүйелі жұмыстар жүргізілді. Дегенмен, кемшіліктер де бар. Несие алушыларға да талаптар көп болмады. Осы жылы ең басты көрсеткіш – жаңа жұмыс орындарын ашу. Ауылдарда тек мал шаруашылығын ғана емес, балық және құс шаруашылықтарын дамыту керек. Бағдарламамен бір ауданнан төрт ауыл қаржыландырылса, 4 түрлі өнім өндіруді қолға алған жөн. Әр ауыл өз мүмкіндігі мен бейімділігіне қарай бағыт таңдасын. Ауыл әкімдері, ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізіңіздер. Мерзімінен кешіккен ауылдарға қаржы бөлінбейді. Өткен жылғы орын алған кемшіліктер қайталанбасын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Түркістан облысында өткен жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС бірлесіп, аталған бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жүзеге асырды. Былтыр республикалық бюджеттен Түркістан облысына бағдарлама аясында 19,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 3220 несие алушыны қаржыландырып, 3413 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелді. 2023 жылдың соңына дейін аталған қаражат толық игеріліп, 3 215 соңғы несие алушы қаржыландырылды. Нәтижесінде 3517 жаңа жұмыс орны ашылды. Яғни, белгіленген жоспар 103 пайызға орындалған.

Бағдарлама аясында үлестірілген қаржының мақсатты жұмсалуын тексеру мақсатында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС мониторинг бөлімінің менеджерлері мониторинг жұмыстарын жүргізді. Бірқатар кемшіліктер анықталып, несие қаражатын мақсатты жұмсамаған несие алушыларға кемшіліктерді жою үшін қосымша 1 ай мерзім берілді. Белгіленген мерзімде кемшіліктерді жоймаған 6 несие алушының іс-әрекеті несие комитетінде қаралып, тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Биыл 62 ауылдық округ жобаға қатысып, 62 коператив құрылады. Нәтижесінде 2640 жоба жүзеге асырылып, 4416 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281