Түркістан декларациясы — тарихи құжат

Түркістан декларациясы — тарихи құжат

    Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясында көрініс тапты. Аталған тарихи құжат қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп қана қоймай, болашаққа деген жоспарларды да көрсетеді. Сондай-ақ, ТүркПА-ның мерейтойлық шаралары бауырлас елдер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды парламенттік деңгейде одан әрі нығайтуға арналған. Түркістан декларациясы — бұл тарихи құжат, ол  бүкіл түркі елдерінің Атажұрты, рухани Астанасы киелі Түркістан жерінде қабылданғаны елдеріміз арасындағы достыққа, туыстыққа, сыйластыққа жаңа серпін береді. Түркістан декларациясы ТүркПА-ның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз жоғары рөлін бағалап, тарихи үлесін ерекше көрсетті. Енді мүше елдеріміздің барлық сала бойынша ынтымақтастығын нығайту, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, түркі елдер бірлігін тереңдету — осының барлығы алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттары болады. Және мұрагерлікті сақтап, ТүркПА-ға мүше мемлекеттер аясын кеңейтуге де баса назар аударатын боламыз. Осы жиында біз алғаш рет электрондық сауда, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және энергетикалық тиімділік, кинематография мәселелері бойынша халықаралық модельдік заңдар қабылдадық, осының барлығы, біздің Ассамблея жұмысына жаңа серпін беретініне сенім білдіремін»,— дей келіп,  Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан, Түркиядан, Мажарстаннан, Өзбекстаннан келген әріптестеріне, барша халықаралық ұйым мүшелеріне бірлескен табысты жұмыс үшін алғыс білдірді. Іс-шара барысында Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сохиба Гафарова, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытов, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп сөз сөйледі. Айта кету керек, Түркістан декларациясының маңызды тармақтары Елбасының тарихи рөлін бекіту, еліміздегі Президенттік саяси реформалар пакетін қолдау, қауіпсіздікті нығайту, COVID-19 пандемиясының салдарымен күреске арналды.

Ермек Сахариев
29.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852