ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді.
Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері; Түркістан облысы бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру және табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы; Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі; Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі; Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тыңдалды. Сонымен бірге Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету туралы; Түркістан облысының елді мекендерін электр энергиямен қамтамасыз ету туралы; «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату мәселесі қаралып, тиісті шешім шығарылды. «Түркістан облысында елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидааларын, Түркістан облысы қалалары мен елді мекендерінің аумақтарының қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі №4\50-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс та қаралды. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Сессияны қортындылаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірде бірлесе атқаратын жұмыстар көп екенін жеткізді.
– Облыс әкімдігі мәслихатпен бірігіп, өңірді дамыту жолында жұмыс атқаруда. Сіздерге осы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бірақ әлі де атқарылатын жұмыс көп. Біз өңірге инвесторлар тарту бағытында жұмыс атқарып жатырмыз. Сонымен бірге Түркістанда Оңтүстік Кореяның оқу орнының филиалын ашу туралы келісімге қол жеткіздік. Біз жаңа оқу орнын ашып, сапалы білім беріп, жастарды даярлауымыз керек. Жұмыс орындарын көбейткен жөн. Жуырда Татарстанға барып ІТ, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көріп келдік. Облысқа жаңа жобалар, жүйелі жұмыстар, ізденістер қажет. Алдағы уақытта да баршамыз бірігіп, аймақты дамыту жолындағы жұмысты жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 54
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556