ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 330 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 330 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысында мақсатына сай пайдаланбаған және заңсыз жекешеленген жерлерді ортақ қорға қайтаруда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 330,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде тұрғын үй салуға жер беру мәселесі де өзекті. Жер саласындағы өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға бекітілген шаралар баяндалды.

Маңызды мәселеге қатысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ аймақ басшысы инвестициялық жобалардың артуына байланысты түсініспеушілік жайттардың алдын алу үшін Жер туралы кодексте шетелдіктерге немесе шетелдік компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерді жеке меншікке беруге тыйым салынғанын қатаң ескертті.

Түркістан облысының жалпы жер қоры 11610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсаттары санатындағы пайдаланатын жерлер 4469,5 мың гектарға жетті. Елді мекендердің жерлері 800 мың гектардан асады. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің баяндауынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы облыстың Даму бағдарламасы бойынша өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 131,8 мың га жер айналымға енгізілді.

Еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өткен жылы ортақ жайылым қажеттілігі 2122,2 мың гектардан асқан. Осыған орай, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ортақ жайылым көлемін 1015,0 мың га ұлғайту жоспары бекітілген. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен 335 мың га ортақ жайылымен қамтамасыз етілді. Жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың га төмендету бойынша шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, 937 мың га жайылым жерлер жалпы жайылым қажеттілігінен төмендетілді. Биылға 600 мың гектардан астам жайылым тапшы.

Соңғы мәлімет бойынша, облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне жалпы 440 мыңнан астам азаматтар тіркелген. 2023 жылы кезектілік тізіліміне сәйкес, инфрақұрылым жүргізілген аумақтардан 1299 азаматқа жер учаскесі берілді. Кезекке тұрғандар арасында өзге өңірде тұратын азаматтардың болуы, бір азаматтың бірнеше жерде тіркелуі секілді бірқатар заң бұшулылықтар анықталған. Сондықтан кезекке тұрғандардың тізімін түгендеу жұмыстары жүргізіледі.

2024 жылға облыс бойынша 60 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланды. Ортақ жайылым көлемін ұлғайту мақсатында арнайы қордағы 125 мың га жайылым жер учаскелерін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру жұмыстары жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы айналымға тарту үлесін ұлғайту жоспары бекітіліп, жалпы 146,9 мың га жерлерді қайта айналымға енгізу көзделуде. 2012-2023 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390