ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛҒАН

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың қорытындысымен салықтық түсімдер бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 102,1%-ға орындады. Нақты түсім 392 млрд 344 млн теңгені құраған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаменті басшысының орынбасары Еркінбек Елшібеков айтты.

– 2022 жылдың қорытындысымен салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қосымша кіріс көздерінен 37 млрд 275 млн теңге өндірілді. Ірі салық төлеушілерден, электронды шот фактура мен кассалық бақылау құрылғы мәліметтерін әкімшілендіруден – 11 млрд 700 млн теңге, камералдық бақылау нәтижесінде – 16 млрд 861 млн теңге, кедендік әкімшілендіруден – 992 млн теңге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруден – 2 млрд 821 млн теңге, салықтық тексерулер және еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі салықтарды әкімшілендіруден – 2 млрд 817 млн теңге түсім түсті - деді Елшібек Кеңесбекұлы.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оған теңестірілген тұлғалар, мүгедектер мен көпбалалы жанұяларды қоса есептегенде, өңір бойынша өткен жылдың қорытындысымен жеке тұлғалардың көлік салығынан 38 130 адам, мүлік салығынан 35 439 салық азамат босатылған.

Одан бөлек, «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» пилоттық жобасына сәйкес жыл бойына 1 805 шағым түссе, оның 1531-і расталған. Шағым иелеріне ақшалай сыйақылар берілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498