Түркістан қаласын дамытудың алғашқы кезеңі аяқталды

Түркістан қаласын  дамытудың алғашқы кезеңі аяқталды

Түркістан қаласы жоғары қарқынмен дамып, көріктеніп келеді. Оны жергілікті тұрғындармен қатар көрші облыс, қала тұрғындары да айқын сезінуде. Әсіресе  Шымкент қаласынан сапарлап барған азаматтар Түркістанның келбетінің күрт өзгергенін бас бармақпен бағалап жүр. Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Міне, осы қысқа мерзім ішінде Түркістан облысының орталығында 445 млрд теңгеге жаңа 257 нысанның құрылысы бастау алып, оның 123-і аяқталды. Жалпы жүргізіліп жатқан құрылыстың ішінде құны 230 млрд теңге болып белгіленген нысандар жеке инвесторлар есебінен бой көтерді. 

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың арнайы кешенді жоспары әзірленіп, ол Үкіметпен бекітілген болатын. Жуырда өткен жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды.

«3 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 41 пайызға артып, 2,4 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 18 пайызға, ауылшаруашылығы 34 пайызға, ал инвестиция 2,4 есеге артты. 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өсім 90 пайызға жетті. Облыстық бюджеттің көлемі 2 есе ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады. Короновирус індетіне байланысты шектеулерге қарамастан ағымдағы жылдың 8 айында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 552,1 млрд теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9 пайызды құрады. Жыл қорытындысымен 2,6 трлн теңгеге жеткізу жоспарлануда», – деді Өмірзақ Естайұлы халық қалаулыларының алдында берген есебінде. 

Өңір басшысы биылғы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша барлық салаға жеке-жеке тоқталып, қол жеткізген көрсеткіштермен де бөлісті. «Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде 187,7 млрд теңге өнім өндіріліп, тоқыма бұйымдарының өндірісі 2,5 есеге, сусындар өндіру 34,8 пайызға, қағаз бұйымдарының өндірісі 32,6 пайызға және тамақ өнімдері 5,8 пайызға өскен. Еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 27,5 мың АҚШ долларын құрап, 5,8 пайызға артты. 2021 жылы оның деңгейін 106,3 пайызға  жеткізу жоспарлануда. Уран және металлургия өндіру көлемінің 2,1 пайызға артуы есебінен тау-кен өнеркәсібі өнім көлемі 180 млрд теңгені құрады. Ауылшаруашылығында 405,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдан 67,5 млрд теңгеге артқан. Кәсіпкерлік саласы бойынша 143 166 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 215 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсімді құрап, еліміз бойынша көш бастады. Өңірдің индустриялдық әлеуетін жақсарту мақсатында 698,2 га аумақта 9 индустриалдық аймақ құрылып, инфрақұрылым тартылған. Индустриалдық аймақтарда жалпы құны 37,1 млрд теңгені құрайтын, 4 293 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 59 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 37 жоба іске қосылып, 1 572 жұмыс орны ашылды. Инвестиция көлемі –  27,8 млрд теңге. Осы жылы 683 жұмыс орнымен 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Бизнес-климатты жақсарту бойынша ірі жобаларды іске асыруға облысқа 321,7 млрд теңге инвестиция бағытталған. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 20,2 пайызға артық. Сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын және жастар саясатын дамыту жөніндегі іс-шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда. Бүгінде облыс бойынша 18,2 млрд теңгеге 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 70 мектеп облыстық бюджет есебінен, 8 мектеп «Ауыл –  ел бесігі» жобасымен жүзеге асуда. 44 нысанның құрылысы аяқталып, 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында 15 мектеп пайдалануға тапсырылған. Одан бөлек облыс әкімі Түркістан қаласында 720 орындық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» салынып жатқандығын мәлімдеді.

Облыста жыл басынан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 38,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Облыс халқын ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар тиісті дәрежеде жүргізілген. Сонымен қоса тұрғын үй, автомобиль жолдары құрылысы және экономиканың өзге де салаларын дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылған», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Иә, Түркістан қаласы мен облыс көлемінде атқарылып жатқан оңды істер мұнымен шектелмейді. Әсіресе инфрақұрылымды дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан шаруалар жетерлік. Соның арқасында тұрғындардың әлеуметтік ахуалдары түзеліп, баспанамен қамтылғандар қатары жыл санап өсіп келеді. Бұл жұмыстар, әрине, алдағы уақытта да ырғақты жалғасын табатын болады. 

Ш.Молдабек
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840