ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Түркістан қаласында жыл басынан бері 32,8 шақырымды құрайтын 35 көше орташа жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта 15,3 шақырымды құрайтын 19 көшенің құрылысы жалғасуда.
Атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығындағы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 49,3 пайызға жетті. Асфальт салу жұмыстары инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталған, жол жабындылары табиғи тапталу кезеңінен өткен көшелерде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 94 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өткізіліп, оң қорытынды алынды. Қазіргі таңда 20 көшеге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланды.
Жыл басынан бері қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерінің (сарқынды су, ауыз су) құрылысы салдарынан зақымдалған, жалпы ұзындығы 102,6 шақырымды құрайтын 154 көше ретке келтірілді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында былтыр әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан 69 көшеге аяқжол құрылысы жүргізілді. Биыл бұл жұмыстарды 11 көшеде атқару жоспарланып отыр. Бүгінде 3 көшеде аяқжол құрылысы толық аяқталды. Аяқжол құрылысы басталған 4 көшені тамыз айында пайдалануға беру көзделуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 95
Жамбыл облысының тұрғындары ең көп қолданатын мемлекеттік қызметтер аталды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облыстық филиалының PR-менеджері - 22.10.2024 109

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6668
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6099
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9305
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7090
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8300