Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №71 жалпы білім беретін мектебі ұлттық тәрбиеге айырықша көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше бастама көтерді. Мектеп ұстаздары оқушылардың қоңырау уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында ерекше әдіс енгізді. Бұл – ұлттық тәрбиеге негізделген асық ойнау дәстүрі. Мектеп директоры қоңырау уақытында балалармен асық ойнап, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда. Аталмыш бастама арқылы оқушылардың дәстүр мен мәдениетке деген құрметін арттырып қана қоймай, оларды дәлдік пен ширақ болуға машықтандырады.





