Түркістан және Түркі кеңесі

Түркістан және Түркі кеңесі

Түркістан – екі дүние есігі ғой, 

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. 

Тамаша Түркістандай жерде туған, 

Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой. 

Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев Түркістан жайлы толғанғанда оның қасиетін, оның бүкіл түркі елдерінің бесігі екенін мықтап ұғынғанын осы өлең шумақтарынан аңғаруға болады.

Түркістан облыс орталығы мәртебесін алғалы бері Түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар барынша жандана түсуде. Бұл турасында жуырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Түркі кеңесінің» Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуінде айтылды. Бағдат Әміреев Түркістандағы өзгерістерге, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, «Түркі кеңесі» аясында маңызды бастамалардың бірқатарын осы шаһарда жүзеге асыруға қолдау болатынын жеткізді.

«2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өтіп, «Түркістан декларациясы» қабылданды. Қазіргі таңда «Түркі кеңесіне» мүше мемлекеттер арасында кәсіпкерлікті қолдау бағытында ортақ инвестициялық қор құру жұмыстары жүріп жатыр», – деген ол  «Түркі кеңесі» арқылы Түркістанның тарихи-мәдени ғана емес, экономикалық рөлін арттыру бағытында да игі істерді талқылауға дайын екенін атап өтті. 

Ал Өмірзақ Естайұлы инвестициялық қордың ресми штаб-пәтерін Түркістаннан ашу жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен бірге «Түркі кеңесі» ұйымы аясында Түркістанда еркін экономикалық аймақ ашу үшін логистика мәселесін шешуге, Түркі мемлекеттері кәсіпкерлерінің форумын Түркістанда қабылдауға мүдделі екенін жеткізді. «Бізге Түркістанды Түркі әлемінің орталығына айналдыру міндеті жүктелді. Осы ретте бауырлас елдерге ортақ халықаралық ұйымдардың бірінің бас кеңсесі Түркістанда орналасуы тиіс деп есептеймін. «Түркі кеңесімен» бірлесіп, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді облыс әкімі. 

Расында, Түркістан түркі әлемінің рухани орталығына айналып жатса, бұл саяси және экономикалық тұрғыда да үлкен мүмкіндік көзі ашылады деген сөз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба беретін болады. 

Ш.Мекенбайұлы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9220
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824