ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫНА ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫНА ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев мәлімдеді. Брифингте орталық басшысы облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, биыл өңірде жастар саясатын жандандырып, жүйелі дамыту мақсатында бірқатар жобалар қолға алынып жатқанын атап өтті. Бұл орайда, 10 бағытта 133 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 10 жобаға қаржы қарастырылған.
 
Оның сөзінше, жас ғалымдар мен «өз кәсібін ашамын» деген ниеттілердің стартап-жобалары үшін қолдау көрсетілмек. Осы ретте «TurkistanHUB» облыстың жас кәсіпкерлерін қолдау жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында «TURKISTAN STARTUP WEEKEND» атты үздік инновациялық идеялар байқауы ұйымдастырылып, креативті индустрияның кәсіпкерлерін қолдау семинары өтеді. Сондай-ақ, «Профнавигация» жобасы аясында «Дұрыс мамандық таңдау - кемелді болашақ кепілі» атты семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Бұл іс-шара мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған
 
Брифинг барысында Ернар Нұралыұлы жастардың қатысуымен өтетін ауқымды іс-шараларға тоқталып, биылғы тың жобалар туралы баяндады.

 – Ерікті жастар арасында республикалық «Ауылдағы бір күнім!» атты телевизиялық реалити-шоу сайысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда салт-дәстүрді кеңінен насихаттаймыз. Бұл жоба Ордабасы, Төлеби, Бәйдібек аудандарында ұйымдастырылады. Одан бөлек, тағы бір жақсы жаңалығымыз бар. Балаларды интелектуалдық ойынға тарту мақсатында өтетін «AL-FARABI» интеллектуалдық жобасының жеңімпаздарына ЖОО грантқа түсуге жолдама беріледі. Бұл интелектуалды сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатыстырылады. Осы сайыс қазіргі таңда ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр. Мақұлданса, интелектуалды сайыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы форматында өткізіледі. Қазіргі таңда 3 университетпен келіссөз жүргізіліп жатыр, - деді мекеме басшысы.
 
Сондай-ақ, жас блогерлерге қолдау білдіріп, дұрыс бағыт көрсету мақсатында «TIK – TOK HOUSE» бөлмесін ашу жоспарда бар. Ол демеушілер тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Онда жастардың әлеуметтік желілерді дұрыс бағытта пайдалануына және мобилографиялық қабілетінің дамуына ықпал етіледі.
 
– Түркістан – күллі түркі жұртының рухани астанасы, қасиетті мекені. Болашақтың, яғни жалынды жастардың қаласы. Осы орайда, Түркі елдері арасында «NOMADS CUP» түркияда ұлттық ойынын өңірде өткізу жайында ұсыныс қаралып отыр. Яғни, Түркі елдерінің жастары арасындағы ұлттық ойындарды, дәстүрлерді насихаттау мақсатында халықаралық турнир өткізу жоспары бар. Әр елден келетін топта өнерпаз жас, блогер, қоғам белсенділері де болмақ. Сондай-ақ, делегация құрамында сол елдердің телеарна қызметкерлері бар. Бұл жоба туризмнің дамуына да үлес қоспақ. Онда асық ату, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, қошқар көтеру бағыттарында жарыстар ұйымдастырылады. Бұл дүбірлі дода жаңаша нақышта дамып келе жатқан Түркістанның бүгінгі рухани-мәдени, туристік әлеуетін танытуға сеп болар еді, - деді Е.Бектаев.
 
Сондай-ақ, енді өңір жастары мемлекет тарапынан бөлінетін қайтарымсыз гранттарды қалай алуға болатынын және ережелерін толықтай біле алады. Яғни, осал топтағы және жұмыссыз жүрген, сондай-ақ, Neet санатындағы жастардың сауаттылығын арттыру мақсатында елімізге танымал блогер Дәулет Мұқаевтың қатысуымен «Дәулеттен кеңес» мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жобасы ұйымдастырылады. Ал жастардың осал топтарын дамытуға бағытталған «Вest startup» үздік жобалар байқауына қатысушыларға 6 ай бойы 50 мың теңге шәкіртақы беріледі. Жастардың үздік жобаларына 2 млн теңге грант беру қарастырылған. Үздік 25 жоба анықталады. Жоба жеңімпазы кемінде 3 жасты жұмыспен қамту міндеттеледі.
 
Бұдан бөлек, «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» атты семинар-тренингтер барысында 34 психолог оқытылмақ. Нәтижесінде, психолог мамандар жастардың өзекті мәселелері бойынша оқиғалар кейсін әзірлеп, өзара тәжірибе алмасып, себеп-салдары жөнінде жұмыстар атқаратын болады.
 
Ал, «Жастар лигасы», «Jaidarman» көңілді тапқырлардың жарысы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаулары биыл да жалғасады. Сондай-ақ жаз айларында Шардара, Шаға жағалауларында халықаралық «Тurkistan open air» фестивалі өтеді. Бұл жоба да туризмнің түлеуіне септігін тигізбек. Мерекелік алаңдарда республикалық өнер саңлақтарымен қатар, жергілікті өнерпаздар да өз өнерлерін көрсетіп, олардың шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік жасалмақ.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру мақсатында бастау алған «ASYL МURA» жобасы биылдан бастап қайта қолға алынады. Жастардың үздік жобаларына 1 млн теңге грант қарастырылған. Онда үздік 10 жоба анықталады. Ал «SAULYQ» жобасы аясында медицина саласы бойынша ерікті жастардың көмегі арқылы денсаулық сақтау және аурудың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. «Үздік» деп танылған 10 жобаға 1 млн теңге грант беріледі.
 
Брифинг соңында Ернар Нұралыұлы өзі басқаратын жастар орталығы қызметкерлерінің арасында кітап оқудан жарыс ұйымдастырғанын, жеңімпазға демеуші тарапынан шетелге жолдама берілетінін айтты. Кітап оқуға ынталандыру идеясын алдағы уақытта облыс көлемінде ауқымды жоба ретінде жүзеге асыру жоспары бар.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
22.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 20
«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.04.2024 27
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 24
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 16
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 17

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 932
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7003
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10847
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7069
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7208