ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
 
Өздерінің ауызбіршілігімен өзге округтер мен қала, кент тұрғындарына өнеге көрсетіп, туып-өскен ауылдарының көркейіп-көгалдануына білек сыбана кірісіп жүрген, санитарлық тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуін қолдап тазалық эстафетасын қолға алған Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекенінің тұрғындары бүгін тағы бір игі істің бастамашысы болды.
✔️«Туған жердің топырағы – бәрімізге қымбат» деп ұрандатқан елді мекен тұрғындары бүгін ауыл ақсақалдарының бастамасымен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, 0,90 гектар жерге 1500 түп қаратал көшетін отырғызды.
✔️Үлгі боларлық шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаттары Нұрбол Байтілесов пен Олжас Қаныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
✔️Туған елге, ауылға қарайласып, ерте көктемде сенбілік ұйымдастырып, туған өлкенің көркеюіне мұрындық болып отырған азаматтардың тірлігі қашан да құптарлық бастама.
📌– Амандық болса, алдағы төрт-бес жылда бұл маң адам танымастай болып өзгеретініне сенімдіміз. Бастысы бауырлардың, ағайындардың ынтасы зор. Бір қуанарлығы – бұл іске жастармен қатар ауылдың үлкендері де атсалысып келеді, – дейді ауыл ақсақалдары.
✔️Сенбілік барысында ауыл ішіндегі арық көздері тазаланып, көшелер де ретке келтіріліп отыр. Ауыл азаматтарының арасында осындай іске қолдау көрсетіп, басы-қасында арнайы техникалармен көмек көрсеткендер де болды.
✔️Ерте көктемде ауылдағы ағайын жазғы және күзгі тірлігіне ерте қамданып жатады. Алайда кейде қолда барды ұқсата алмай, қала берді техника жетпей, бір істің қиюы кетіп жататыны тағы анық. Ал мұндайда үтіртөбелік тұрғындардың бастамасы барлық елді мекендер үлгі алып, жалғастырар шара.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
07.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 77
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕДЁТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ ПАВОДКОВ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 64
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТТІК ТҮСІМДЕР МЕН КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 12.03.2025 68
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 38
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1948
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2191
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15802
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19167