ТҮРКІСТАНДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістанда 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық патриоттар форумы өтеді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, көпшілікті келе жатқан айтулы күнмен құттықтады.
– Халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру – баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз. Дәл осы мерекеге орай, дәстүрлі түрде өткізіліп отырған облыстық Патриоттар форумында нағыз үздіктер марапатталғалы тұр. Сіздердің жетістіктеріңіз әрбіріміз үшін зор мақтаныш екені даусыз! Патриотизм – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі екені барлықтарыңызға белгілі. Мемлекеттік рәміздеріміз өз тұғырынан түспей, еліміз өркендей берсін! – деді облыс әкімінің орынбасары туған елі үшін еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарды марапаттады.
Оқушылар сарайында өткен жиында республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері бар, ғылым және білім, мәдениет және спорт, медицина және волонтерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, технология және бизнес, ерекше ерлік көрсеткен азаматтар бағыттары бойынша үздіктер марапатталды. Сонымен қатар биыл көктемде еліміздің бірнеше аймағындағы су тасқыны кезінде қол ұшын созған жандардың еңбегі бағаланды. Соның ішінде өзінің жинаған ақшасын аударған кентаулық 4-сынып оқушысы да бар.
Іс-шара барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, доцент Жамиля Дүйсенова, волонтер Олжас Мамыр, Кентау қаласы, Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің 4 «ə» сынып оқушысы Гаухар Шаймерден сөз сөйлеп, көпшілікті отансүйгіштікке шақырды. Әрі қарай мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Елдің рухын көтеретін әндер шырқалып, бишілер мың бұрала биледі.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми түрде белгіленіп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі болып бекітілді. Елімізде жыл сайын кең көлемде аталып өтуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі күні «Айбын», «Жас Ұлан», «Жас қыран», «Ұлттық мектеп лигасы», «Тәуелсіздік қырандары», «Менің Отаным – менің бастамам», «Жас сарбаз», «Балалар шексіз әлемде», «Жас құтқарушы», «Облыс тарихы» керуен шеруі сияқты 10-нан аса жоба іске асырылуда. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізіліп, жеңімпаздарға жалаушалар сыйға тартылды. Мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы білу бойынша google-нысандар арқылы алынған сауалнама қорытындысымен білім деңгейін көтеруге бағытталған шаралар қабылданып, жергілікті тұрғындар үшін жыл соңына дейін оқыту семинарларын өткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған форум ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 96
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 616
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 734
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 646
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 655

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8790
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8190
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11418
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9172
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10403