Түркістанда су спортынан жүлде мол

Түркістанда  су спортынан  жүлде мол

Олимпиадалық ойындарда ең мол жүлде сыйлайтын сайыстың бір түрі – су спорты. Демек  спорттың бұл түріне айрықша назар аударып, көп көңіл бөлу керектігі түсінікті. Міне  осы тұрғыда Түркістан облысы спорт саласының алған бағыты құптарлық. Қазіргі кезде облыста су спорты жоғары деңгейде дамып келеді. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері мен өрендері республикалық және халықаралық сайыстардан 154 алтын, 104 күміс және 108 қола медаль жеңіп алған.

Білікті басшы Денис Жарменов басқаратын спорт мектебінің 2 өрені Токио Олимпиадасында бақ сынаса, тағы бір спортшысы Токио паралимпиадасына қатысып, ел намысын қорғады. Бапкерлердің жемісті еңбегі нәтижесінде 15 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 8 спорт шеберлігіне үміткерлер даярланған.

Сонымен қатар түркістандық спортшылар байдарка мен каноэде есуден 7 республикалық және 3 халықаралық жарыстан 89 алтын, 51 күміс және 59 қола жүлде еншіледі. Академиялық есу спортының шеберлері биыл 64 жүлдеге ие болса, жүзу спортынан қоржынға 53 медаль түскен. Триатлон шеберлері 9 медальға иелік етсе, желкенді спорттан түркістандық сайыпқырандар жылды 41 жүлдемен түйіндеп отыр.

Қазіргі таңда су спорты түрлерінен бөлімшелер Төлеби ауданы мен Түркістан және Кентау қалаларында орналасқан. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай ескек есу базасының құрылысы жүріп жатыр. Бұл су спорты кешені ашылған соң өңірде халықаралық сайыстарды өткізуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ осы мүмкіндіктің арқасында су спорты бүгінгіден де кеңге қанат жаяды деген сенім бар. 

04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9219
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824