Түркістанда жаңа зауыт ашылмақ

Түркістанда жаңа зауыт ашылмақ

Түркістан облысында каустикалық сода, поливинилхлорид және кальций карбидін өндіретін зауыт пайда болады

 

 22 желтоқсанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Түркістан облысында «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты.

Жобаны Қазақстанның екінші деңгейдегі банкімен бірлесіп қаржыландыру аясында қолдау жоспарлануда. Оның жалпы құны - 153,88 млрд теңге, оның ішінде ҚДБ қатысуы 64,46 млрд теңгені құрайды.

«Жобаның маңыздылығы қазіргі таңда Қазақстанда поливинилхлоридтің (ПВХ) өндірісінің болмауында жатыр, ал келешекте бой көтеретін кәсіпорын ішкі нарықтың осы өнімге деген қажеттілігін толығымен жабады. Сондай-ақ жоба каустикалық соданың ішкі нарығын ұлғайтуды қоса алғанда, жалпы химия саласының дамуына серпін береді», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Зауыт Түркістан облысының дамуы үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық әсер етеді: зауыт құрылысы кезеңінде 1 мыңға жуық жұмыс орны, ал пайдалануға берілгеннен кейін қазақстандық мамандар үшін 346 жұмыс орны құрылады.

Жобалық қуатқа шыққан кезде кәсіпорын жылына 100 мың тоннаға дейін каустикалық сода, 120 мың тонна ПВХ және 180 мың тонна кальций карбидін өндіретін болады. Ішкі нарықты қамтудан басқа, ЕАЭО және Еуропалық одақ елдеріне, сондай-ақ Қытай мен Түркияға экспорт жоспарлануда.

«ҚДБ тарапынан бөлінген инвестициялардың арқасында біздің елімізде әлеуметтік маңызы бар, қала құраушы және өңір мен бүкіл Қазақстанның дамуына қуатты серпін беретін жаңа жоба пайда болады. Осы жобаны іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджетке жыл сайынғы салық төлемдері едәуір ұлғайып, жыл сайын 10 млрд теңгеден астам соманы құрайтын болады», - деп атап өтті «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС директоры Болат Естемесов.

Түркістан облысы әкімдігі
10.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 175
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 108
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 127
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 92
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 508
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 474
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 497
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 491
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 489
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 504
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 494
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9733
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9107
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12342
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10112
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11322