Түркістандық оқушылар туған жер табиғатымен бірге

Түркістандық оқушылар туған жер табиғатымен бірге

Табиғатты аялау, онымен етене байланыста өмір сүру дағдысын қалыптастыру – бала жастан бойға сіңіру қажет асыл қасиеттердің бірі.

Табиғатты аялай білген адамнан өзге ешқандай жамандық күтуге болмайды. Міне, Түркістан Оқушылар сарайы мен «Turkistan Tourism Center» орталығы бірлесе ұйымдастырған «Бұл – біздің таулар» атты фестивальдің басты мақсаты осы. 20 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл шараның тау туризмін дамытуға қосатын үлесі өз алдына бөлек әңгіме.

Фестивальға Түркістан қаласындағы 30 мектептің үздік, белсенді әрі талантты деген 30 оқушысы мен «Оқушылар сарайындағы» үйірмелерге қатысушы, көптеген республикалық және халықаралық додаларда топ жарып жүрген дарынды 20 оқушы қатысты. Олар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Хантағы демалыс аумағына саяхат жасап, түрлі қызықты сайыстар мен ойындарға қатысты.

«Алдымен Түркістан қаласынан жолға шыққан фестиваль қатысушылары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барды. Онда оқушылар «Бұл – біздің таулар» тақырыбында сурет салудан сынға түссе, одан кейін «Дрон ұшыру» бойынша балалар өздерінің қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар өнерден құралақан емес балалар өлең, эссе жазып, ән айтып, өзге де таланттарын көрсету арқылы ұйымдастырушылардың жүлделеріне ие болды. Ал, екінші күні Хантағы демалыс аумағына барған балалар кедергілер арқылы тау шыңдарын бағындырды. Сондай-ақ пікірсайыс ұйымдастырып, өздерінің жан-жақтылықтарын көрсете білді», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл іс-шараның маңызы өте зор болғанын жоққа шығаруға болмайды. Фестивальға қатысты өз ойын Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы былай деп түйіндейді: «Балаларды табиғатқа жиі алып бару, оларға қызықты сәттер сыйлау өте пайдалы. Мен өзім де тауға жиі шығамын. Адам табиғатпен тілдесу арқылы жаңа белестерге күш-қуат алады. Сонымен қатар, бүгінгі шара ең бірінші кезекте балаларды табиғатты аялауға үйретері сөзсіз».

Ш.Молдабек
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 69
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 75
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 75
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 73
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 81
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 71
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 78
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 297

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9309
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8703
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11932
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9705
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10913