ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Елімізде республикалық “Ұлттық мектеп лигасы” ойындары өтіп жатыр. Жарыстар үш жас ерекшелік бойынша Семей, Астана және Қызылорда қалаларында ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Семей қаласындағы 5-6 сыныптар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан облысының оқушылары жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында “Ұлттық мектеп лига” жарыстары спорттың 10 түрінен өткізілді. Осы кезеңде 44 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысқан болатын. Облыстық сайыстардың өткізілуі барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген.
Қазіргі таңда 7-8 сыныптар арасындағы жарыс Астана қаласында өтіп жатыр. Әзірге облыс оқушыларының қоржынында 2 алтын, 4 қола бар. Алда шәкірттер тағы да 6 спорт түрінен сынға түспек. Сонымен қатар, шілде айының 7-31 аралығында Қызылорда қаласында 9-11 сыныптар арасындағы жарыстар өткізіледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1588
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1129
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2526
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2125
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3325