Түркістандықтар ұлттық киіммен жүреді

Түркістандықтар  ұлттық киіммен жүреді

Түркістанда ерекше байқау өтті. «Тайқазан» деп аталатын бұл байқау ұлттық киім үлгісін дәріптеді. Бұл жайлы сәл кейінірек. 

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толып отыр. Осы мерекелік датаға орай  Түркістан қаласындағы «Farab» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға елімізге танымал этнограф ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан, журналист, сазгер, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекжігіт Сердәлі,  профессор ХазіретТұрсын, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев,  Өзбекәлітанушы Берік Байболов, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы және Ө.Жәнібектің жиен қызы Айғаным Серім мен немере қызы Әзел Жәнібек қатысты. 

Шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы ашып беріп, келушілерге алғысын білдірді. 

Белгілі тарихшы, профессор Хазірет Тұрсын әрі қарай жүргізіп, қонақтарға сөз кезегін ұсынды. Спикерлер қоғам қайраткерінің өнегелі істері мен ерен еңбектерін, сонымен қатар естеліктер айтып, нақты ұсыныстарын да жеткізе білді. Ал шараның екінші күні «Тайқазан» ұлттық киімдер байқауына ұласты. Байқау мақсаты – киім мен тұрмыстағы ұлттық дәстүрді зерттеу, Қазақстан мәдениетіне қызығушылық қалыптастыру, заманауи сән үлгісіне сай дәстүрлі этникалық костюмнің бірегей құндылықтарын және оның сан алуандығын көрсету, кәсіби және әуесқой дизайнерлерді қолдау болатын.

Екі күндік байқауда сән, өнер және шығармашылық саласындағы мамандардан, сондай-ақ өнер және этнография тарихындағы сарапшылардан, сән саласындағы БАҚ өкілдерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жеңімпаз атанды. 

Гран-при – Напботанова Анаркүл (Сырмақ), І дәрежелі диплом –  Умербаева Алтына (Сырлыөрнек), ІІ дәрежелі диплом – Руш Тимур (Алтын адам), ІІІ дәрежелі диплом –  Бекманова Меруерт (Тамғалы), ІІІ дәрежелі диплом – Ерінбетов Марат (Хассақ қазақтар), ІІІ дәрежелі диплом – Ермұханов Алтынбек (Ұлы тұран), Арнайы диплом –  Сейсенбекова Меруерт, Ешентай Алия (Күлтегін), Арнайы диплом –  Мұхтар Іңкәр (Кезең), Арнайы диплом  –  Пернебек Ақбота (Айшабибі), Арнайы диплом –  Елбасы Аружан, Махаш Аида (Ұлы дала айшықтары), Арнайы диплом –  Көпбосынова Ғазизаға бұйырды. Жеңімпаздарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Байқауда көрсетілген киім үлгілеріне қызыққандар көп болды. Олай болса, таяу күндері Түркістан көшелерінде ұлттық нақыштағы киімдермен жүрген азаматтарды жиі кездестірсеңіз, таң қалмаңыз. Түркістандықтар трендтен қалыспайды. Ұлттық киімді сәнге айналдыруда өзгелерге үлгі бола бермек. 

Ш.Молдабек
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 21
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 49
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 44
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 18
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 49
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 44
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 44
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 48
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 41
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 49
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 279

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9287
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8682
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11910
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9684
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10891