ТҮРКІСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ 2 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ 2 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ  ТАБЫСТАЛДЫ
Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумы өтті. Форумда қайырымдылық операторы 2023 жылы жүзеге асырған әлеуметтік жобалардың нәтижесі бойынша есеп берді. Оған 300-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдері, мемлекеттік орган мен квазигоссектор және бизнес өкілдері, «Самұрық-Қазына» қоры тобының компания басшылары мен қызметкерлері, БАҚ, қоғам белсенділері қатысты.
«2024 жылы инклюзия, денсаулық сақтау, креативті индустрия, спорт және білім беру сияқты ең өзекті әлеуметтік трендтер Қор назарында болады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан медициналық университеті жанынан онкологиялық оңалту бөлімшесі ашылды. Алдағы уақытта орталық арқылы онкологиялық сырқаты бар 3000-ға жуық қазақстандыққа көмек көрсетілмек. Айта кетсем, жалпы 2016 жылдан бері жалпы сомасы 74 млрд теңгеге 2,5 миллионнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілген», деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Одан бөлек, Нұрлан Жақыпов Ақмола және Түркістан облыстарындағы бас дәрігерлерге 5 жедел жәрдем көлігі мен реанимобильдің кілтін табыстады. Игі шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, өңір атынан өз алғысын жеткізді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Түркістан облысына 2 жедел жәрдем көлігін тарту етті. Жалпы 40 млн. теңгедей қаржыны құрайтын медицина көліктері өңір тұрғындары үшін қызмет етеді. Бір автокөлік Созақ ауданы, Таукент ауылына берілсе, екіншісі науқастарды жағдайға байланысты Түркістан мен Шымкентке тасымалдайды.
Дәл осындай көліктер өткен жылы 5 өңірге тарту етілген еді. Сонымен қатар, 2023 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры 7,2 млрд теңге болатын 46 әлеуметтік жобаны қаржыландырған.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
28.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 132
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 183
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 41
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 136
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 130
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 183
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 234
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 240
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 225
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 235
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 240
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 237

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11341
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10275
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13520
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12474
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17482