Түркия, Швеция мен Финляндия Мадридте келісімге келді

Түркия, Швеция мен Финляндия  Мадридте келісімге келді

Түркия, Швеция мен Финляндия 28 маусымда Мадридте келісімге келді. Бұл жөнінде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. «Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кірер алдындағы қадамдары одақтастармен екі күн ішінде келісіледі» деп мәлімдеді Финляндия президенті Ниинистёнің кеңсесі. Бұл ақпаратқа қарағанда, Түркия осы аптада Мадридте өтетін саммитте Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болу жөніндегі өтінішіне «қолдау көрсетуге тиіс».

Фин президенті кеңсесінің мәліметінше, Хельсинки, Стокгольм мен Анкара қауіпсіздікке қатер мәселесі бойынша бір-бірін толық қолдауға уағдаласқан.

Түркия президентінің әкімшілігі «Швеция мен Финляндия Анкара террор ұйым деп санайтын Күрдістан жұмысшы партиясы мен өзге де ұйымдарға қолдау көрсетпеуге міндеттенді» деп хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша сөйлеген Йенс Столтенберг Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіргені Ресей шекарасында НАТО күштерін қысқартуды талап етіп жүрген Ресей президенті Владимир Путиннің әрекетіне кереғар шыққанын айтады. 

 

azattyq.org
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393