Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджинің мәліметі бойынша, Түркияның жер сілкінісі болған өлкелеріне 36 мемлекет 4 мыңнан астам құтқарушы жіберді.
«Қазіргі таңда жер сілкінісінің зардаптарын жою және іздестіру жұмыстарына 100 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Оның ішінде төтенше жағдай өкілдерінің, полиция мен қорғаныс саласының, үкіметтік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, еріктілер бар.
Онымен бірге шетелдерден көмек келіп жатыр. Әлемнің 34 елі 4 мыңнан астам құтқарушыны іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін жіберді», - деді Уфук Екиджи Астанадағы елшілікте өткен брифингіде.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне келіп, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланыстыкөңіл айтты.
Анадолу агенттігінің мәліметінше, Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6234-ке жетіп, 37 011 адам жарақат алған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда үш қазақстандық іздестіріліп жатыр.