Түркияның 8 президенті - Тұрғыт Өзал

Түркияның 8 президенті - Тұрғыт Өзал

Тұрғыт Өзал. Түркияның 8 президенті. Қазақ елінің тәуелсіздігін таныған кезде Түркияны басқарған, күллі түркінің бірігу  жолындағы алғашқы қадамдарды жасауына ықпал еткен тұлғалардың бірі еді бұл кісі. Өмірден  өткеніне  бүгін 30 жыл толды.

Мықты саяси қайраткер еді. Дүниежүзілік банкте кеңесші болып қызмет етті,  Түркияның  премьер-министрі қызметін де атқарды. Кейін Президент болды. 1988 жылы өз партиясының кезекті съезінде біреу оны атып, оң қолынан  жараланады. Біраздан соң мінберге қайта шыққан Тұрғыт Өзалдың: "Bilhassa belirtmek istiyorum, Allah'ın verdiği ömrü, O'nun isteğinden başka alacak yoktur, biz de O'na teslim olmuşuzdur" деген сөзі аңызға айналған. Қазақшаласақ : "Ескерте кетейін,  Алланың  берген  өмірін оның қалауынсыз ешкім қия алмайды, біз болсақ Оған жан-тәнімізбен берілгенбіз" депті.  Оны Картал Демираг (Kartal Demirağ) деген кісі атқан. Қастандық жасаушы адам 20 жылға сотталғанымен, 1992 жылы Тұрғыт Өзал оны кешірді. Сөйтіп, 4 жыл түрмеде отырған соң,  босатылды. Бірақ кейін басқа қылмысқа  байланысты сотталған. 

Тұрғыт Өзал КСРО ыдырап, түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғанда оларды бірден қолдауға ұмтылған қайраткер болатын. Тіпті: "Түркі  мемлекеттерінің одағын құрсақ қайтеді?" дейтін ұсынысы болғаны да айтылады. Сонда Нұрсұлтан Назарабевтың: "Бізге тағы бір аға керек жоқ" деген уәж айтқаны да медиада көп тарады. Бірақ арада жылдар өткенде туыс халықтардың одақ құруға талпынысына,  интеграциялық процестерге, бауырлас халықтардың бір-бірін таяныш көргісі келетініне куә болып жүрміз.

Өзал 1993 жылы Орталық Азия мен Кавказдағы туыс мемлекеттерге 12 күндік сапар жасап, еліне оралған соң өмірден өтіп еді.

2012 жылы "оған қастандық жасалды" деген пікірлер жиі айтылғандықтан, мазары ашылып, қайта тергеу жүргізілген еді. Бірақ  қастандық жасалып, жасалмағаны сол күйі  құпия болып қалды. Нақты дәлел табылмады. Медиада оны улағаны жайлы  ақпарат көп тарап еді.

Иманы жолдас болғай!

Amangeldi Qurmetuly парақшасынан
17.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 325
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6428
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8041
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6508
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6645