Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар - министрлік

Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар - министрлік

«Түркиядағы қазақстандықтардан министрлік жанындағы Туризм комитетіне туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түскен жоқ. Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар операторларға жүгіне алады. Олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек», - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдіуәлиева.

Ресми өкілдің айтуынша, туристік операторлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және балама нұсқа ұсына алады.

«Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар», - дейді ол.

Еске салайық, дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгін 7 108-ге жетті, 40 910 адам жараланды.

Табиғат апатынан кейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті. Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды.

Түркияда, яғни зілзала аумағында қалған қазақстандықтар қайда хабарласуға болатындығы айтылған еді. Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім еткендей, Қазақстан азаматтары мен олардың туыстарына арналған шұғыл желі жұмыс істеп тұр.

08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 465
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 466
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 408

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20783
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20565
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35685
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34224
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38098