ТүркПА-ның 2028 жылға дейінгі стратегиялық жоспары мақұлданды

ТүркПА-ның   2028 жылға   дейінгі   стратегиялық жоспары   мақұлданды

24 маусымда Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бауырлас қырғыз елінің Чолпон-Ата қаласында өткен «Парламенттік дипломатия – сенім мен әріптестіктің негізі» тақырыбындағы ТүркПА-ның ХІ пленарлық отырысына қатысты.

Алдымен ұйымға мүше елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия Парламенті жетекшілері          ТүркПАның Кеңесі отырысында бас қосты. Тараптар түркі әлемінің болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. 

Ерлан Қошанов қырғыз әріптестеріне қонақжайлылығы мен іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, жиынның түркі мемлекеттері арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Сонымен бірге еліміздің осы ұйымға төрағалығы аясында атқарған жұмысын қорытындылап, 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалғанын атап өтті.

«Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы басқосудан бері бір жылдай уақыт өтті. Қазақстанның төрағалығы кезеңінде тараптардың атсалысуымен Ассамблеямыздың жұмысы жүйелі және қарқынды түрде жалғасын тапты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуға ерекше  көңіл  бөлуде», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Спикері төрағалық кезеңде атқарылған жұмыс түркі елдерінің бірлігін бекемдеп, ТүркПА-ның беделін арттыруға, ықпалын күшейтуге бағытталғанын айтты.

Сонымен қатар басқосуда Палата Спикері Қазақстанда өткен референдум кезіндегі ТүркПА-ның бақылау миссиясының белсенді қатысқаны және науқанға шынайы баға бергендері үшін ризашылығын білдірді. ТүркПА миссиясының жетекшісі референдум барлық озық   халықаралық демократиялық стандарттарға толық сәйкес өткенін атап өтті.

Жиында ұйымда төрағалық ету мәртебесі Қазақстан Парламентінің Төрағасынан Қырғыз Парламенті басшысына салтанатты түрде тапсырылды.

Сонан соң ТүркПА-ға мүше елдер Парламенттерінің жетекшілері бірлестіктің ХІ пленарлық отырысында бас қосты. Оған қонақ ретінде келген Өзбекстан мен Түркіменстан Парламент басшылары мен бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Парламентінің делегациясы да қатысты.

Отырыста сөз сөйлеген Ерлан Қошанов түркі мемлекеттері арасындағы интеграциялық үдерістер жоғары  деңгейде дамып келе жатқанын, сонымен бірге парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің мәні зор екенін атап өтті.

«Біз, парламентарийлер, мемлекет басшыларымыздың бастамасына сәйкес ТүркПА-ның да атауын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» деп өзгерткелі отырмыз. Бұл – ребрендинг, бұл жаңару біздің Ассамблеяның  жаңа форматта жан-жақты дамуына ықпал етері сөзсіз. Біздің мүддеміз ортақ. Басты мақсатымыз – Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, мызғымас берік байланыстарды дамыту. Парламенттік дипломатияның халықаралық саясаттағы орны ерекше. Бүгінде оның мүмкіндіктерін түрлі халықаралық платформаларда ортақ мүдделерімізді ілгерілету және түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағын арттыру үшін пайдалану өте маңызды», – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаттары парламенттік дипломатия арқылы түркі халықтарының бірлігін нығайту жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екенін айтты.

Пленарлық отырыста Түркі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылып,           ұйымның 2028 жылға дейінгі стратегиялық жоспары мақұлданды. Бірлестікке мүше елдердің ұлттық заңнамаларын жақындастыруға бағытталған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша модельдік заң қабылданды. Ол Қазақстан Парламентінің бастамасымен әзірленді.

Сонымен қатар құрылтайшы парламенттер басшылары Ассамблеяның атын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» деп өзгерту жөнінде құжатқа қол қойды. Жиын соңында Чолпон-Ата декларациясы қабылданды. ТүркПА-ның келесі ХІІ пленарлық отырысы 2023 жылы Түркияда өтеді.

Отырыс аясында делегация басшылары Қырғыз         Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Онда Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов ұйымның қызметі жайлы мәлімет беріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, ұйымға мүше елдер арасында саяси, экономикалық,      мәдени-гуманитарлық байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті. 

Бұдан бөлек, Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытовпен және Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафаровамен жеке-дара кездесті.

Онда парламентаралық диалогты нығайту  мәселелері талқыланды.

 

ҚР Парламентінің баспасөз қызметі
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678