Жаңғырығы бүгінге жеткен қаһарлы соғыс жылдарының адамзат баласына салған салмағы, қайғысы мен азабы өлшеусіз екені сөзсіз. Дәл осындай қиындықты қайыспай көтеріп, майдан даласындағы отандастарына тылда жүріп-ақ көмек көрсетіп, еңбегі арқылы ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысқандар ортамызда аз емес.
Бүгінгі 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнінде аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков ауданымыздағы бірқатар тыл еңбеккерлерін құттықтап, батасын алып қайтты. Ең алдымен Қорағаты ауылдық округінің тұрғындары Күзембай Бахитов пен Райкүл Данабергенованың, одан кейін Алға ауылында тұратын Дәмет Уәлиева апамыздың шаңырағында болды. Сонымен бірге, Әбдімомын Желдібаев ақсақалдың да ақ батасын алып қайтты.