«Уәде берілді, орындалды»

«Уәде берілді, орындалды»

«AMANAT» партиясының араласуымен бесағаштықтарға ауызсу беріле бастады. Партияның пәрменімен Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы тұрғындарын мазалаған мәселе шешімін тапты. Осыған дейін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшелері аталған ауылдағы ауызсу құбырын жүргізу жұмыстарына зерделеу жүргізген болатын.   Айта кетейік, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыс 2021 жылдың қыркүйек айында басталған. Мердігер компания «Көлсай строй» ЖШС бұл жұмысты 2022 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқтау керек еді. Бірақ, серіктестік тиісті жұмысты уақытылы орындамай бастаған істері сиырқұйымшақтанып созбалаңға салынған. Оның зардабын ауыл тұрғындары көріп, көшелері шаң мен лайсаң күйге түскен.  

Партия осы айдың басында жүргізген зерделеу жұмыстары барысында серіктестік басшылығына жұмысты аяқтауға 20 күн уақыт берген. Енді міне, мердігер айтқан уәдесін орындап, бесағаштықтарға тіршілік нәрі беріле бастады. Оған ауыл тұрғындары да дән риза. 

Тілге тиек ете кетерлігі, мұндағы жұмыстар маусым айында толығымен аяқталатын болады. Аталған уақытқа дейін «Көлсай строй» ЖШС-і Бесағаш ауылынан бөлек Түрксіб ауылын да ауызсумен қамтиды. Бұл жұмыстар әлі де партия назарында болады.

#AMANAT

26.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678