Үкімет жылды түйіндеді: 2023-те әлеуметтік өзгеріс болады

Үкімет жылды түйіндеді: 2023-те әлеуметтік өзгеріс болады

Енді мүгедектігі бар адамға қызмет көрсеткен отбасы мүшесіне жалақы төленеді.

.kz

Жаңа Әлеуметтік кодекске енгізілген бес жаңалықтың бірі осы. Маңызды құжатта бұдан бөлек жұмыссыздардың жайы, зейнетақы, әлеуметтік төлем мәселесі де тыс қалмады. Бүгінгі Үкімет отырысы осымен түйінделді. 

Бүгін Үкіметтің осы жылды түйіндейтін соңғы отырысы өтті. Бірақ кабмин түгел жиналмады. Дүйсенова, Мусин, Өскенбаев пен Тілеубердіден өзгесі жиынға онлайн қатысты. Бәрі қысқа қайырып, басқосу небәрі 40 минут ішінде аяқталды. Үкімет басшысы Смайылов биыл еліміз үшін оңай болмағанын, келесі жылы да жеңіл өтпейтінін айтты. 

"Жалпы биылғы жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Қайғылы қаңтар оқиғасынан бастап, әлемдік бірқатар жағдайлар орын алды. Келесі жылы да оңай болмайды. Бірақ біз мақсаттарға қол жеткізуіміз керек", деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов. 

Келер жылы оңай болмайды деді Смайылов. Сонда әрең күнелтіп отырған ағайынның жағдайы не болмақ. Үкімет қиын жағдайға тап болғандарды қараусыз қалдырмаймыз деп сендірді. Сөйтіп, бүгінгі отырыста Әлеуметтік кодексті қабылдады. Оның бес жаңалығы бар. Әуелгісін айтайық.  Келесі жылы отбасының цифрлық картасы жасалады. Сол арқылы мемлекет кімге, қашан және қандай көмек керек екенін анықтай алады. Осылайша, қолдау автоматты түрде тағайындалады. Ал әлеуемттік төлемдер күнкөріс деңгейіне сай болады. 

Екінші жаңалық. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады.  

Үшінші жаңалық. Енді мүгедектігі бар адамға қызмет көрсеткен отбасы мүшесі жалақы алады. 

"Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады", деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. 

Бұдан бөлек, келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға алты ай бұрынғы табысының 45 пайызы төленеді. Осы кодекс аясында алдағы 5 жылда базалық зейнетақы көбейтіледі. Бес новелланың соңғысы. 

Халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Тәуелсіз жұмыскер деген ұғым пайда болады. Бұл табысы бар, бірақ ресми тіркелмегендерге қатысты. Күні кеше оқу бітіргендер де жұмыссыз қалмайды. Механизмі дайын. Қысқасы осы өзгерістердің бәрі келер жылдан бастап іске қосылады. Үкіметтің қорытынды жиынындағы басты әрі маңызды жаңалық осы болды.

Арай Сүгірбай
31.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634