Үкіметте бағаны тұрақтандыру мәселесі қаралды

Үкіметте бағаны тұрақтандыру мәселесі қаралды

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ӘМАТ бағасы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл басында берген тапсырмаларды іске асыру аясында өтті. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігі және монополияға қарсы әрекет ету мәселелері қаралды. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға өсті. Оның ішінде қырыққабат 1,6; қант 0,6; және картоп 0,5 пайызға қымбаттаған. Өңірлер арасында бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында тіркелді, онда баға 0,8; Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4 пайызға көтерілгені байқалды. Премьер-Министрдің орынбасары аталған өңірлердегі әкімдіктердің жұмысын сынға алып, азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді тапсырды. Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында - 5 және СҚО - 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесін 15-тен 10 пайызға дейін төмендетілді. Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді тапсырды. Түркістан облысының әкімдігіне СИМ және АШМ-мен бірлесіп, өңірлерге ерте пісетін көкөністерді, соның ішінде қырыққабатты жеткізуді тапсырды. Айта кетейік, Түркістан облысының 1200-ден астам тауар өндірушілері қырыққабат, картоп, сәбіз және пияздан өнім беруді жоспарлап отыр.

                                        

Ермек САХАРИЕВ
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9541
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754