Үкіметтік делегация Батыс Қазақстан облысында болды

Үкіметтік делегация Батыс Қазақстан  облысында болды

Батыс Қазақстан облысына өткен аптада жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Оралдағы Оқушылар сарайында болды  

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Үкімет мүшелеріне Оқушылар сарайындағы балаларға қосымша білім беру, бос уақыттарын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық тәрбие беру мақсатындағы үйірме жұмыстары таныстырылды. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы мекемедегі жол қауіпсіздігі ережелерін үйрету мақсатында жабдықталған «Мобильді алаңның» тиімділігіне назар аударып, жас инспекторлардың мобильді жабдықтар негізінде жол қауіпсіздіктерін сақтау ережелеріне зер салды.  Сондай-ақ «Авто жол торабының үлгісі» кабинеті мен «Робототехника» үйірмесі  тәрбиеленушілерімен сұхбаттасып, олардың жұмыстарына оң бағасын берді. Балалар жүргізіп жатқан химиялық тәжірибелермен және биологиялық зерттеу жұмыстарымен танысты. Бұдан әрі самбо, бокс, бассейн үйірмелерінің жүргізілу барысына куә болып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбитпен және бапкері Саттар Сұлтанғалиевпен пікірлесті. Еске сала кетсек, ел Тәуелсіздігінің 25  жылдық мерейтойында пайдалануға берілген Оқушылар сарайындағы 77 үйірмеде 4 мыңға жуық жеткіншек тәрбиеленуде. 

Сапар барысында Үкімет мүшелері Оралдың «Меловые горки» елді мекеніндегі №18 орта мектептің құрылыс жұмыстарын да назарға алды. Елді мекендегі үшауысымды оқытуды жоюға мүмкіндік беретін жаңа мектептің құрылысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында осы жылдың маусымында басталды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2022 жылдың ІІ тоқсанында аяқталуы тиіс, алайда 300 орындық нысанды мердігер мекеме «Альтаир» ЖШС осы жылдың соңына дейін салып бітіруді жоспарлап отыр. Бұл ғимарат пайдалануға берілген кезде 1988 жылы салынған 60 орындық мектеп ғимаратында үш ауысыммен білім алып жатқан 276 оқушы  жаңа мектепке көшірілетін болады. Сондай-ақ бұл жаңа білім ордасы елді мекендегі мектепке дейінгі жастағы балғындарды мектепке дейінгі ұйыммен қамту мәселесінің  шешілуіне де оң ықпал етпек.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 36
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 58
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 29
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 64
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 64
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 60
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 66
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 57
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 64
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 62
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 287

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9298
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8693
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11921
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9695
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10903