Үкіметтің жұмысы барынша ашық, ширақ, тиімді болу керек

Үкіметтің жұмысы барынша ашық, ширақ, тиімді болу керек

     Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп: «Президенттің төрағалық етуімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептерін тыңдады. 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары ортаға салынды. Президент осы жиында жерді ұтымды пайдалану, көлік құрастыру, Үкіметтің мемлекеттік бағдарламалары туралы өз ойларын ортаға салды. Аудан әкімдеріне жұмыс орындарын көптеп ашу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ атом электр станциясы, утилизациялық алым, банктерді сауықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, елдегі жалақы мәселесі, инфляцияны реттеу жөнінде де нақты ұсыныстарды айтып, осы мәселелерді шұғыл шешуге пәрмен берді. Жалпы, елдегі ең өміршең әрі өзекті мәселелер Мемлекет басшысы назарында тұр. Кедейшілік пен шектен тыс байығандар жөнінде де өз көзқарасын білдірді. «Самұрық-Қазына», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық қор жөнінде нақты талаптар қойды. Осының бәрі елдегі ең өміршең әрі өзекті мәселелерді Мемлекет басшысы назарында екенін, бақылауда ұстап отырғандығын көрсетеді. Қаңтар оқиғасынан кейін экономикамызды тезірек сауықтыру жөніндегі нақты шараларды белгілеп бергені көңілге қуаныш ұялатты. Сондықтан енді Үкіметтің бұдан арғы жұмысы барынша ашық және ширақ, тиімді болу керек деп есептеймін», деді.

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5540
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5688
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20658
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19292
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22752