Ұл-қызын орысша оқытатын қазақтар, Украинаға жаныңыз ашитыны рас болса, тап ертең барыңыз да балаңызды қазақ мектебіне беріңіз!
Оккупант Путинге қарсылықтың көрінісі осы болсын.
Сіздер Қазақстанды орыстандыруға үлес қосып жатырсыздар. Орыстілді кеңістіктің өрісін кеңейтіп отырсыздар.
"Мен орысша білмей өттім, қорлық көрдім. Балам менің күйімді кешпесін..." дейтін қазақтар Путиннен де қауіпті. Себебі бұлардың Ресейге қарсы иммунитеті жоқ, ертең алай-бұлай заман туса, соғыссыз берілетін де осы аудитория. Орыс агрессиясы олардың жүрегін алып қойған.
Жалған жанашырлықтың керегі жоқ. Орысша оқитын балаңыз мектепте орыстың пропагандасын санасына сіңдіріп келеді! Сіздің балаңыз Путиннің тілінде сөйлейді. Осыны ойланыңыз.
Осындағы журналист әріптестердің біразының баласы орысша оқиды. Сіздің балаңыз ертеңгі орыстілді контенттің тұтынушысы! Мұндай жағдайда қазақтілді медиа қалай мандиды? Осыны ойланыңыз.
...Біз Кремльге қарсы келе алмаймыз, бірақ орыс тіліне санкция салуға болады. Ісімізбен, әрекетімізбен. Орысша білмесеңіз де өмір сүресіз, өлмейсіз. Балаңыз да аш қалмайды. Бойыңыздағы үрейден арылыңыз.
Ашығын айтқанда, өзі білмеген орысшаны баласына сіңіруге тырысқан қазақтар қартайғанда да қорлықтан құтылмайды