Ұлағатты ұстазды еске алды

Ұлағатты ұстазды еске алды

Оралда Тұрсынғали Қатауовты еске алуға арналған волейболдан ашық қалалық турнир өтті.

Бұл туралы Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. Зашаған кентіндегі жуырда пайдалануға берілген облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен спорттық іс-шараның ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров және Тұрсынғали Ғатауоллаұлының жерлестері, замандастары, әріптестері, шәкірттері, балалары қатысты. 

Тұрсынғали Ғатауоллаұлының есімін  ұлықтау, ұлт алдындағы еңбегін дәріптеу мақсатындағы турнирді Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі» атанған ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған                   Тұрсынғали Қатауов туралы бейнежазба көрсетілді. 

Аталмыш турнирге облыстың Сырым және Қаратөбе аудандарының, сондай-ақ Оралдағы № 10, 20, 30, 38, 47, 50  жалпы орта білім беретін мектептерінің ұстаздарынан құралған командалар қатысты.

Еске сала кетсек, Тұрсынғали Қатауов 1949 жылы Оралдағы мұғалімдер даярлайтын институттың тарих факультетінде оқып жүргенде Алашорда үкіметін қолдап, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін халық арасында батыл насихаттағаны үшін жазықсыз жала жабылып, 10 жылға сотталған. 1955 жылы ақталып шыққаннан кейін бар саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына арнаған. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5564
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5711
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22776