Ұландық сарбаз – ел кубогының жүлдегері

Ұландық сарбаз – ел кубогының жүлдегері

Өскемен қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогында ҚР Ұлттық ұланының 3502 әскери бөлімінің қызметкері Дәулет Дархан жүлделі 2-орынды иеленді. 

Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 1-3 наурыз күндері аралығында Өскемендегі Қажымұқан атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған ел кубогына еліміздің барлық аумағынан 300-ден астам спортшы қатысты. Осы жарыста өз өнерін көрсеткен Ұлттық ұланның Ақтау  қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің қызметкері Дәулет Дархан ерлер арасында  80 келі  салмақ дәрежесінде күш сынасқан болатын. Ұландық сарбаз финалдық бәсекеде есе жіберіп, сайыс қорытындысы бойынша екінші орынға табан тіреді. Жарыс соныңда жүлдегерлерге медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА
06.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1496
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7532
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11409
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7573
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7734