Үлкен Сұлутөрге көмек

Үлкен Сұлутөрге көмек

Елімізді 74 мың дүнген мекен етсе, оның 52 мыңы Қордай ауданында жинақы тұрады. 


Сортөбе ауылында 22 мың
,Масаншы ауылында 20 мыңАуқаттыда 6 мыңҚарасу және Бәйтерек ауылдарында 4 мың дүнген қазақпен қоян-қолтық өмір сүруде. Қорада қойы, өрісте малы, үйде бала-шағасы араласып жатқан қазақ пен дүнген бір-біріне алыс емес. Күнделікті тірлікте бір үйдің тете баласындай қалжыңдасыпкейде “бір атым насыбайдан көңілі қалып”жатса да, қиын-қыстау кезде бір-бірінің жанынан табылады, иыққа түскен ауыр жүкті бірлесе көтереді. Соның бір дәлелі - 25 маусымда «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, Қордай ауданының Құрметті азаматы Лугмар Буларов бастаған Сортөбе, Масаншы ауылдарының белсенділері Үлкен Сұлутөр ауылына жол тартты.


Сапар мақсаты біреу- табиғи апаттан 
зардап шеккен қазақ ағайындарға алғашқылардың қатарында қол ұшын созу, қолынан келгенше сел салдарынан орын алған шығынның орнын толтыруға көмек беру.  

Дүнген этносының басына қиындық түскен жылдарда қазақ халқы соңғы бір үзім нанын бөлісіп, ештеңені аямағаны үшін, баршамыз ортақ бір шаңырақта болғандай сезімде болғанымыз үшін қазақ халқына әрқашан шын жүректен алғыс айтамыз. Қазақ халқына деген ризашылығымыз жүректен шығады. Біз осы жарасымды қарым-қатынасымызды жоғары бағалап қастерлейміз.  Үлкен Сұлутөр ауылының басына бұлт үйіріліп, тұрғындары абыр-сабыр болғанда біз қарап жата алмадық. Бауырларымыздың жағдайымен танысып,көзбен көріп, алдағы көрсетер көмегімізді жоспарлап алсақ деген оймен осы ауылға келдік”,- дейді Зайнуддин мырза. Махусеев Зайнуддин Абдулбахтиярұлы еліміздің озық ойлы жастарының өкілі ретінде 15 жылдан астам қоғам өмірінің барлық салаларына белсене араласып келеді.

Жамбыл облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің «Вынхуа» АДКО бастығының орынбасары, қазір  «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Зайнуддин Абдулбахтиярұлы бастаған топ Үлкен Сұлутөр ауылы тұрғындарымен кездесіп, шығын орнын толтыруға барынша атсалысатынын жеткізді. 


Барша дүнгендердің табиғаттың тосын мінезінен жапа шеккендердің шығынын қалпына келтіруге көмек қолын созатынын, алғашқы көмек қысқа мерзімде жететінін айтты.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, Үлкен Сұлутөр ауылына алғашқы қаржылай көмек Масаншы мен Сортөбе ауылдарынан болмақ.

Жасұлан Сейілхан
26.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678