Ұлт тәрбиесіне жауаптымыз

Ұлт тәрбиесіне жауаптымыз

Ұлтты тәрбиелеу дегеніміз қыз баланы тәрбиелеумен пара-пар егіз ұғым. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Осы тұста бесікті тербетер, балаға тәрбие берер қыз баланың тәрбиесіне тек отбасында ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек. Бұл тақырыпты қозғауыма, қолға алуыма негізгі ой қайдан туды? Тәжірибемде әрбір жасайтын, орындайтын әрекеттерім ең бірінші тақырып қаншалықты өзекті немесе салдары қандай?,-  деген сұрақ пен сараптамадан бастау алады.

Бірде көзі жасқа толған ана көмек сұрап келді. 10-сыныпта оқитын қызынан шаршағандығын айтып, басқа мектептен ауыстырып мектепке қабылдауын өтінді. Ешқандай заңнан аттай алмайтынымды түсіндіріп, мәселеге барынша қолдау көрсетуге тырысып, тыңдадым. Бойжеткен қыз бала ата-анасына айтқанын орындатып, анасына қол жұмсауға дейін барған. Әкесі алыстан қашып жүретінін естігенде жанымды қоярға жер таппадым. Үйдегі жалғыз інісімен басы бір шаңыраққа сыймай, інісіне не болмаса қызына басқа мектеп іздеп жатыр екен. Әрине интернаты бар мектеп. Екі баласының біреуін өткізгісі келеді. Ана байғұс басқа амал таппаған. 

Бұл жерде, ата-анадан басқа өздерінен басқа ешкімнің кінәсі жоқ екендігін түсіндірдім. Баланы неге кінәлауымыз керек? Бала ол ақ қағаз секілді. Ата-анасы құрсағында жатып қандай сурет салды, қандай қалыпта құйды бала солай дүниеге келеді. Баланың қалыптасуында дұрыс дағдылардың иесі де ата-ана. Анасына үйдегі ахуалды реттеу үшін де өзінің жауапты екенін, кеткен қателіктердің орнын толтыру үшін де өзінің өзгеруі керектігіне бағыт-бағдарымды бердім. Менің берген қолдауым мен жақсы сөздерімді тыңдаған ана неге келгенін ұмытқандай болды. Біресе жылады, біресе күлді. «Сіздің айтқаныңызды жасап көрейін, өзім өзгеруге тырысам» деді күлімсіреп. Есіктен шығып бара жатып телефон номерімді  беруімді өтінді. 

Бұл бір ғана мысал. Жаулығын қолына ұстап көз жасын сүрткен қазіргі қоғамның анасы. Баяғы айтқан сөзі мірдің оғындай Қарашаш анамыз, әр сөзі дертке дауа  Зере, Ұлжан, Домалақ аналарымыздың көлеңкесіне де зәру болдық па? Қазіргі қоғамдағы бұрыш бұрышта темекі шеккен, ішімдікпен бос уақыт өткізген, үлкенді сыйлауды білмейтін, өз  ата-анасынан безген, әдеп пен ибалылықтан жұрдай болған қыздарымызды көргенде қоғамды да емес, ата-ананы кіналаймыз. Басымызға қандай іс түссе де, аштықта да  қолтығындағы баласын жауға да, жұртқа да тастамаған халықтың ұрпағы емес пе едік?

Қазіргі қоғамда болашақ  ұлттың анасына айналатын қыз баланың тәрбиесі қолдан шығарып алмай, сындырып алмауымыз керек шыны секілді асқан жауапкершілікпен қарау маңызды болып отыр. Жаһандану жағдайына ұмтылған сайын оның кері әсері де тиіп жатқанын сеземіз. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін үлкендер де азая түсіп, мұрнына иісі бармайтын, интернетке телмірген «робот» ұрпақ қалыптасып келеді. Айтқалы отырған сөзімнің төркінін түсінген боларсыздар. 

Әрине, қыз тәрбиесі... Бұрын қалай еді?

          Ата-бабамыз қызға «қонақ» деп төрден орын беріп, парасаттылыққа баулып өсірген. Қазақ өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, қылықты болуын қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, оның жүріс-тұрысы мен киім киісі – тәрбиенің негізі.  Мойындау керек, кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Күн көрістің қамы дейміз бе, жоқ әлде жұмысбастылықтан ба бала тәрбиесіне көңіл бөлу азайған. Міне, қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық.  Қыз отбасында анаға қарап бой түзейді, үлгі алады. Оны болашақ  өмірге  дайындайтын  да сол анасы. Бір ғана мысал айтайын, анам мені үй шаруасына бейімдеу үшін «бір жағымда жүр» деп кішкентайымнан үй тіршілігіне араластырып өсірді. Әжеміз ою ойғызып, алаша тоқуға отырғызатын, жеңгеміздің қасында күбі пісіп, май алып, тамақ жаууды үйрендік. Өз киізіңді өздерің тігіңдер деп сырмаққа ою бастыртатын. Осылайша анамның,ә жемнің, жеңгемнің  қасында жүріп, көзбен көріп, біраз нәрсені үйрен¬дім.  Айтып істеген бір бөлек, көзбен көргенің жадыда жақсы сақталады емес пе?! «Шеше көрген – тон пішер» деген осы болса керек-ті. Ал қазір осы айтқандардың біреуін де қыздарымыз істей алмайды. Бұл ащы шындық! Жоғарыда айтқандай, отбасындағы қыз тәрбиесіне тек ана жауапты деген сөз емес. Әкенің де қыз бала тәрбиесінде атқаратын рөлі ерекше. Бала күнімізде әкеміздің қабағынан именетінбіз.  Әкеміз бетімізге қарсы келіп ұрыспайды. Ақырындап анамызға айтады. Анамыз бізге «әкелерің айтып жатыр» дейді.  Бізге осы да жеткілікті болатын. Содан сап тыйылатынбыз.  Ал, қазіргі әкелер қыздарына қалай тәрбие беріп жатыр?  Оның тәрбиесінде қатаңдық керек пе? «Қызға қырық үйден тыйым» дейді дана халқымыз. Сол себепті қыз тәрбиесінде кей дүниеден тыйып ұстағанымыз абзалырақ.  

                Қыз тәрбиесін  тек әке-анаға ысырып тастауға да әбестік болар7 Cебебі қоғамның, өскен ортасының, білім алатын мектептің де бала тәрбиесіне тигізер ықпалы орасан. Осы мақсатта, білім ордамызда «Томирис» қыздар ұйымын ашуға бел будым. Мектепте оқып жүрген кезімде директордың тәрбие орынбасары болған Ерниязова Бейбіт ұстазымның «Cыныпта қыздар қандай болса, ол сыныптағы ер балалар да солай қалыптасады. Отбасында  да солай емес пе, әкеміз кейде анамызды тыңдайды, анаң ашуланбаса әкең де тыныш, анаң дауыс көтермесе әкең босқа ашуланбайды, сынып та сондай бір отбасындай болу керек. Ал сыныптың қыз балалары сол сыныптың ұйытқысы болуға тиіссіңдер, сыныптағы ахуал сендерге байланысты » деп үлкен жауапкершілік  жүктеген еді. Сол тәрбие әлі құлағымда сайрап жатыр.

Апта сайын дағдыға айналған «директор сағаты» жобамды осы тақырыпқа арнадым. Бұл жобам аясында білім ордамыздағы әр түрлі мәселелерді анықтай отырып, оның шешу жолдарын қарастыруды, әр түрлі танымал адамдардың еңбегі мен өмір жолын насихаттауды, білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді қолға алдым.

Аталған шара «Қыз өссе, елдің көркі» тақырыбында өтті. Шараға Астана қаласы «Аmanat» партиясы филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшесі, «Мирас» қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана  қаласы Аналар кеңесінің мүшесі, Ұлттық тәрбие беретін «Қара шаңырақ» және «Ертегі – ел ертеңі» және «Ана алақаны», «Qazaq alemi», «Саржайлау этнолагері» жобаларының авторы, Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының, «ЕлАна» қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, ақпараттық сайтының үйлестіруші тілшісі Шәкен Тұрар Саттарқызы мен «Қыз өссе елдің көркі» кітабының авторы Әсел Қайратқызын қонаққа шақырып, «Томирис» қыздар клубының тұсауын кестім. 

               Келген қонақтар  қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген сұрақтарға  жауап берді. Қазіргі қоғамдағы  әртүрлі құқықбұзушылық мен келеңсіздіктерді тілге тиек етіп, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, ата-ананы құрметтеуге,  әдеп пен инабаттылықты ту етіп ұстауға шақырды. Білімді болудың алғы шарты  кітап оқу болса, Тұрар Саттарқызы қыздар ұйымына бірнеше кітап тарту етті. 

Ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін – қыз. «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол»,  «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын»  деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтереді емес пе?!  Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет.  Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, болашақ ұрпақтың анасы екені мектеп қабырғасында да тәрбиемен ұштасып айтылып отыру маңызды деп ойлаймын. Себебі, қазіргі қоғамның балалары көргенін жасайды, ойлары өте ұшқыр, дербес, көрсеткеніңді тез қағып алатын адамдар. Үлкендер кейде сол кішкентай адамдардың тілінде түсіндіруге де тиіс. Сол үшін де мектептегі мұғалім мен тәрбие ісімен айналысатын әр адам жауапты. Бала, қыз тәрбиесін тек отбасыға да ысырып тастай алмаймыз. Бала мектепке дейін қандай қалыппен қаланды, қалай бар солай қабылдаймыз. Ол отбасында солай болыпты деу  ұлт болашағына немқұрайлылық таныту деп есептеймін. Ұрпақ тәрбиесіне қоғам, әрбір адам жауапты деп ойлаймын. Сондықтан білім ордаларындағы қыздар, ер балалар, ана-әке мектептері жұмыстарын жандандыру маңызды. Ұрпақ мүддесіне, ұлт болашағына тамшыдай болса да ықпал етуді әр адам міндет ретінде санаса жақсы болар еді.

Шамуратова Рысжан Шерниязовна, Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласындағы «№2 «Дарын» лицей-мектеп-интернат басшысы
28.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 128
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 322
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 315
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 939

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9012
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8408
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11633
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10618