Ұлт жанашыры, Меркіде

Ұлт жанашыры, Меркіде

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас редакторы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы ауданға қонақ болып келіп, меркілік ұстаздар қауымымен жүздесті. “XXI ғасырдағы тәрбие ерекшеліктері” тақырыбы аясында ой толғаған Сауле әпкеміз нағыз ұлт жанашыры.

Тәтті ауылынан алғаш ұстаздық жолын бастаған Сауле Мешітбайқызы киелі Меркі жерінің өз өмірінде алатын орны зор екенін атап өтті. Оның әрбір сөзінен елі, өскелең ұрпақтың ертеңгі күні үшін алаңдаушылық сезіледі. Қазақстанның кемел келешегі үшін ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген Сәуле Мешітбайқызының еңбегі зор.
Кездесуде Ш.Мұртаза атындағы “Баспасөз үйі” КММ-нің директор орынбасары, Нұрақбаев Ринат, Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаевтар бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар туралы айтса, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Нурила Сейсенбайқызы жастарды тәриелеудегі ұстаздар қауымының қосар үлесі туралы ойымен бөлісті. Сәуле Мешітбайқызына денсаулық, қажымас қайрат тілеймін.

Жорабек Баубеков, Меркі ауданының әкімі
12.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5138
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5298
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20260
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18901
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22360