Ұлттар достығы – ел бірлігінің кепілі

Ұлттар достығы – ел бірлігінің кепілі

Кеше Т.Рысқұлов ауданында бірнеше бағыттар бойынша тұрғындармен кездесулер өткізуге арналған іс-шара басталды. Аталған іс-шараға «Этно және конфессияаралық келісім» тобын облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова, «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» жұмыс тобын облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Алуа Мамешова бастап барды. Сондай-ақ, құқық қорғау саласының тобы да белсенді жұмыс істеді. Осылайша, үш жұмыс тобы ауданның бірнеше ауылдық округтерінде кездесулер өткізіп, халықтың өзекті мәселелеріне назар аударды.

«Бейбітшілік және қоғамдық келісім» жобасы аясында «Этно және конфессияаралық келісім» тобы Құлан агротехникалық жоғары колледжінде зиялы қауым және этномәдени бірлестік мүшелері, ауылдық аналар кеңесі төрайымдары және мүшелерімен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шараны Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев сөз сөйлеп ашып, қонақтарды таныстырып, өз саласы бойынша аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз сөзінде облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова жиналғандарды ашық және еркін әңгімеге шақырып, ауылдық әйелдер кеңесінің өзекті мәселелерін тыңдауға әзір екенін айтты.

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Мүбарак Жинақбаева өңірімізде 87 этнос өкілдері тату ғұмыр кешсе, 40 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейтініне, 35 этномәдени бірлестіктердің аудандарда филиалы бар екеніне, «Аналар кеңесі» үлкен құрылым екеніне тоқталды. Мұнан соң «Қоғамдық келісім» мекемесі жанындағы «Аналар кеңесі» ұйымы төрайымының орынбасары Аракси Плетнева қоғамдық негізде облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе ажырасу, суицид, ерте жүктілік мәселелеріне ерекше басымдық берді.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Сейілбайқызы ауданның білім ошақтарында қыздар тәрбиесі, жас отбасылардың қалыптасуы бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары, түрлі кездесулер жиі өтетінін айтты. Нәтижесінде ажырасу жағдайы едәуір азайған.

Жи ын да аудан дық ан алар кеңесінің мүшелері–білім саласының ардагері Есенкүл Мұхтарова, жеті баланың анасы Сұлукүл Дәлібаеваның үлгілі істері айтылды. Сондай-ақ, Есенкүл Мұхтарова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Шолпан Дайрабаева ойларын ортаға салды. Жиын барысында мәселелер де айтылды. Қарақыстақ ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Зәуре Малыбаева аналар кеңесіне билік тарапынан қолдау қажет десе, Жарлысу ауылдық аналар кеңесінің мүшесі Гүлжан Қоңырбаева мектеп психологтарының жұмысы әлсіз екенін, оларға қолдау көрсету қажет және олардан нәтижелі жұмыс талап етілуі керектігін айтты.

Бұл жиында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Шолпан Дайрабаеваның өз мектебінде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы тәрбие ретінде оқытылатыны, мұғалімдер мен оқушылар аталған кітаптардан кеңінен хабардар екені айтылды. Жұмысшы топ жетекшісі Ұлана Сламбекова жиынды қорытындылай келе, Шолпан Дайрабаеваның өз ұжымына көркем әдебиет оқыту үлгісін өзге мектептерге үлгі ету қажеттігін, аналарға кеңес беру, қыздар тәрбиесімен жұмыс үнемі жалғасын табатынын жеткізді. Мұнан соң аталған жұмысшы топ аудандық «Достық үйінде» түрлі этнос өкілдерімен кездесті. Кездесуде аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Серікбай Өтегенов, ауылдық өзбек мәдени орталығының төрағасы Жолдас Айтбаев, татар мәдени орталығының жетекшісі Фатима Рәсімқызы ойларын ортаға салды. Ал, қазақ мәдени орталығының төрайымы Айгүл Сейсенбекова ұлттық киім, қажетті заттардан көмек болса десе, қарашай ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Эльмира Жақсыбайқызы өздерінің «Эльбурс» этнографиялық фольклорлық ансамбльдеріне халықтық атағы берілсе деген ұсыныс айтты. Олар облыстық халық шығармашылығы орталығы арқылы атақтарын қорғап та қойған екен. Бұл ретте жұмысшы топ мүшесі, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Мүбарак Қасымқызы қоғамдық негіздегі мәдени орталықтардың мемлекеттен қаржылануы заңсыз екені, оны демеушілер арқылы шешу керектігін, ал ансамбльге атақ беруді халық шығармашылығы орталығымен хабарласып шешуге болатынын айтты. Жиынды Ұлана Сламбекова қорытындылап, елді бірлік пен ынтымаққа шақырды. Сондай- ақ, әлеуметтік жұмысшы топ жетекшісі Алуа Мамешова бастаған жұмысшы топ Тереңөзек және Өрнек ауылдық округінде көшелердің орташа жөндеуі және халықтың көкейінде жүрген мәселелер бойынша жиын өткізді. Бұл жиында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қайсар Сүлеймен тәртіп мәселесін сөз етсе, Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Смат және Өрнек ауылдық округінің әкімі Айбек Әбішев округтегі жұмыстар туралы айтып өтті. Жиында жұмысшы топ өкілдері көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан кейін жұмысшы топ жұмысы Луговой ауылдық округінде жалғасты. Жиында осы ауыл тұрғыны, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов Луговой теміржол өткеліне көпір салу мәселесін қозғады. Бұл ретте аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев аталған мәселе үнемі көтеріліп жүргенін және облыс басшылығы да бұл мәселеден хабардар екенін айтты. Ауыл тұрғыны Эльнура Серікбаева «Балабақша ақысы бір балаға 15 мың 600 теңге болады деп жатыр. Ол ауылдар үшін өте жоғары баға. Кей үйден екі бала барады. Оларға тіпті қиын» десе, бірқатар тұрғындар жарыққа қымбат төлем төлейтіндерін, бірқатар көше жолдарының нашарлығын сөз етті. Бұл мәселелер бойынша аталған ауылдық округ әкімі Мұратбек Сванов жауап беріп, балабақша ақысы 10-11 мың теңгеден аспайтынын, өзге де мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Жиында ауыз су, газ төлемдеріне де қатысты мәселелер көтерілді. Жиынды Ұлана Сламбекова қорытындылап, көпшілікке алғысын білдірді. Осындай жиын Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінде де өтті. Мұнда ауыл тұрғыны Серікбай Өтегенов ауылға кең емхана және балабақша қажеттігін қозғады. Ауыл тұрғыны Арман Сүлейменов жылдан жылға жайылым тарылып бара жатқанын, қоқыстар көбейгенін айтты. Бұл ретте аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев емхана мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін айтса, ауылдық округ әкімі Ержан Айдархан жайылым талапқа сай шешіліп отырғанын жеткізді. Жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Алуа Мамешова ауыл тұрғындарына жасалып отырған жеңілдіктер туралы айтты. Облыстан келген өкілдер тұрғындарды жеке мәселелерімен де қабылдады. Жиынды қорытындылаған Ұлана Сламбекова жұртты ынтымақ пен бірлікке шақырды.

 

Есет ДОСАЛЫ, Ақ жол газеті
08.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9092
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8490
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11718
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9483
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10699