Ұлттық байқауға жолдама берілді

Ұлттық байқауға жолдама берілді

Оралда дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды.

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қалалық кезеңді мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жеңімпаздарды марапаттау кешінде сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов байқау үміткерлеріне алғысын білдірді.

– Өздеріңіздің қандай үлгілі, өнегелі шаңырақ екендеріңізді көрсетіп жатырсыздар. Отбасындағы үлкендерінен бастап, балаларыңызға дейін белсенділік таныттыңыздар. Бұл байқауға қызығушылық танытушылар қатары жыл сайын артып келеді. Бұл кезеңнен кейін облыстық, республикалық деңгейдегі байқаумен жалғасады. Жеңімпаз отбасыларға сәттілік тілейміз! – деді Мирболат Сағынғалиұлы.

Байқауда бақтарын сынаған оралдық отбасылардың арасынан бас жүлдені Балмулдиндер қанжығаларына байлады. Ал 1-орынға Телегеновтер отбасы лайықты деп танылды. Ұлттық байқаудың облыстық кезеңінде осы екі жанұя Орал қаласының атынан шығып, намысын қорғамақ. Сонымен қатар салтанатты іс-шарада өзге де жүлделі орындар мен аталымдардың иегерлері белгілі болды. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5202
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5360
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425