Ұлттық банк: Рубльдің әлсіреуі теңгеге қысым көрсетуде

Ұлттық банк: Рубльдің әлсіреуі теңгеге қысым көрсетуде

Ұлттық Банк бүгінгі сауда-саттық барысында аздаған валюталық интервенциялар жүргізді. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова геосаяси шиеленістің ушығуы теңгеге қалай әсер еткенін айтып берді.  – «Украина төңірегіндегі жағдайдың одан әрі ушығуы және геосаяси тәуекелдердің ұлғаюы аясында қаржы нарығындағы құбылмалылық күрт өсті. Ресейге қарсы санкциялардың күшеюін күту және жаһандық инвесторлардың Ресей активтерінен бұдан былайғы шығуы Ресей рубліне қысым көрсетуде. Соңғы тәулікте рубльдің әлсіреуі 4%-дан асты. Рубль 80 межесіне жетіп, қазіргі уақытта бір доллар үшін 80,5 рубль деңгейінде саудалануда. Ресейлік MOEX акцияларының индексі кеше 10,5%-ға төмендеп, бүгін сауда-саттық ашылғаннан кейін 5%-ға жуық төмендеді. Әлемдік қаржы нарықтары ахуалдың одан әрі даму белгісіздігінің артуына қатты әсер етті. EURO STOXX индексі 2,17%-ға, DAX индексі 2,07%-ға төмендеді. Алтынның бағасы бір унция үшін 1906 долларға дейін өсті. Барлық әлемдік және жергілікті нарықтарға әсер ететін негізгі сауда әріптесі нарығындағы ахуалды ескерсек, Қазақстанның қаржы нарығы үшін де тәуекелдер өсті. Рубльдің әлсіреуі теңгеге қысым көрсетуде. Бүгінгі сауда-саттық ашылғаннан бастап теңге бір доллар үшін 426,5 теңгеден 437,80 теңгеге дейін 2,6%-ға әлсіреді. Ақпан айындағы салық аптасының аясындағы экспорттаушылардың сатуы және кейбір кездерде 98-99 белгісіне жеткен, бір баррель үшін 92-97 доллар ауқымында сақталып отырған мұнайдың жоғары бағасы теңгеге қолдау көрсетуде. Күрт өскен құбылмалылық аясында ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануын болдырмау үшін Ұлттық Банк бүгінгі сауда-саттық барысында аздаған валюталық интервенциялар жүргізді. Қазіргі уақытта сауда-саттықтың жалпы көлемі 155 млн доллар болған кезде олардың көлемі 33 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл барлық сауда-саттықтың шамамен 20%-ы болады. Ұлттық Банк өзгермелі айырбастау бағамы қағидатын ұстануда. Біз қаржы нарығындағы ахуалды, атап айтқанда Украинаға байланысты жағдай бойынша оқиғалардың дамуын бақылап отырмыз. Нарықтардың бұдан былайғы серпіні көбінесе санкциялардың сипаты мен себептеріне және олардың РФ экономикасына тигізетін әсеріне байланысты болады»,- деді Әлия Молдабекова.

22.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9168
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8566
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11794
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9562
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10774