ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін даламызды күймен тербеп, әнмен әуелететін ұлттық аспабымызды ұлықтайтын, қазақ рухымызға тән «Ұлттық Домбыра күні».
Ұлттық мәдениетіміздің төресі домбыра Шу елі халқына ыстық. Тарихы тереңде жатқан, қилы замандарды еңсерген Шу жері, ұлы оқиғалардың куәгері.
Қазақтың киесі, қасиетті қазынасы «Ұлттық домбыра күні» мерекесімен аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков құттықтады.
Еліміздегі ерекше мереке Домбыра күнінде қайталанбас тұлға күйші-композитор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Әбдімомын Желдібаевтың, қазақ өнерінің алтын қорында ұзақ қалатын қанатты туынды, шет ел асқан «Ерке сылқым» күйі 300 домбырашылар орындауында орындалды.
Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің әншісі ҚР Мәдениет қайраткері Жанат Досжанова «Домбыра» әнін орындаса,
Қазақ өнерінің қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» Б.Қосыбаева «Қазағым», «Шу серілері» тобы «Бозжорға» әнін барша көрермен қауымға тарту етті.
Шу ауданы әкімдігі
01.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5103
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5266
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20225
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18869
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22327