Ұлттық мінез жоғалса, елдігіңнен не пайда?!

Ұлттық мінез  жоғалса,   елдігіңнен не пайда?!

Ұлттық рух деген не? Айтайын,  ол – мінез! Кәдімгі ардың-дұрдың қазақы мінез. Біздің ұрпағымыздың бойынан осы қасиет жоғалып барады. Мектепке барсаң, моп-момақан балалар.  Көздері мөлдіреп тұрады. Тіл алғыш,  алғыр,  дарынды.  Бірақ мінез жоқ. 

Атағынан ат үркетін республикаға танымал мектептерде оқитын үздік оқушылардың бәрі қыздай сызылып тұрады. Иманды. ақылды.  Бірақ мінез жоқ. Бағынышты болу үшін бойындағы қайсар мінездерін мұғалімдер «сылып» алып тастаған. Байғұс балалар робот тәрізді.  Өте көркем мінезді. Оған ата-аналар да,  басқалар да мәз. Бірақ мінезінен айырылған бала рухынан қоса айырылғанын көбіміз білмейміз.  Қазақ атамыз баланың мінезіне қарап,  болашағын болжаған. Мінезсіз баланы ынжық бала деген. Көңілі толмаған. 

Мінез болмаған жерде балада ұлттық рух қайдан болсын! Ертең сызылып жүріп билікке келер, үйленер,  бірақ  мінезі болмағасын, олардан  аюдай ақыратын жігер мен қайрат күту ұят іс! Олардың басыбайлы құлдан еш айырмасы болмайды.

Мұхтар Шаханов көкемнің «Қазір бізде әр салада мінезсіздер қаптады» деуі  бекер емес. 

Баяғыда бір әжеміздің  күйеуіне көңілі толмайды екен. Себебі күйеуі мінезсіз,  ынжық,  жігерсіз болыпты. Әбден шыдамы таусылған әжеміз  күйеуін тілдеп-тілдеп, барын арқалап төркініне тартып отырыпты.

Мұны естіген мінезді қайнысы жеңгесін соңынан қуып шығады.  

Орта жолға жеткен  жеңгесін ақырып жеткен қайнысы, қолындағы сегіз өрім қамшысымен жасқап: «Жеңгей, қайт үйіңе! Әйтпесе аямаймын!» – деп үш рет ескертеді.  Күйеуден қаймығып көрмеген әйел бұл  сөзге мойын да бұрмай қақшаңдай беріпті. 

Сол кезде дір-дір еткен қайнысы жеңгесін қамшының астына алып,  сабап,  алдына өңгеріп ағасының үйінің алдына әкеліп аудара салыпты. 

Қаумалаған жұрт аузына су тамызып:  «Неткен оңбаған еді қайның,  өлтіруге аз-ақ қалыпты ғой», – деп мүсіркеп жатса,  әжеміз: «Жаным жаңа рақаттанды-ау, осы екен ғой іздегенім», – деген екен. 

Айтайын дегенім,  құрметті қазақтар, ұстаздар қауымы, мектептегі ерке мінез балаларды тәртіпке саламын деп,  мінезін жойып,  рухын өлтіріп алмаңдаршы! Бала ерке,  еркін мінезді болып өссінші!

Қазақ мінезінен айырылған күні өзгенің алдында именгіш,  рухсыз болып қала бермек.  

Біздің билікке мінезі жоқ роботтар емес,  мінезі бар қасқыр ұлдар керек! Тіпті  керек жерінде елі үшін қасқиып өлуге дайын. Діндарлар айтатындай көркем мінезділік Аллаға ғана емес,  адамға да құл болуға жол ашып жатыр! Мінезімізді жоғалтпайық, ағайын!

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633