Ұлттық құрама Еуропаны дүр сілкіндірді

Ұлттық құрама Еуропаны дүр сілкіндірді

26 наурызда Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы екінші кездесуін өткізді. Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино. Алғашқы ойынды Астанада Словенияға есе жіберген Қазақстан құрамасы жанкүйерлер алдындағы қарызын Даниямен ойында қайтарды десек болады. Магомед Адиев шәкірттері бұл ойында керемет камбэк жасап, жеңіске жетті. Қазақстан және Дания арасындағы ойын 3-2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. 1 тайм басталысымен қонақтар допқа иелік етіп, өздерінің еуропалық ойындарын көрсетуге        тырысты. Қазақстан құрамасының қақпасына алғашқы минуттан гол соғуға барынша әрекет еткенімен, Шацскийдің сенімді ойыны мүмкіндік бермеді. Қазақстан құрамасы сапында Оразов алғашқы таймда жақсы өнер көрсетіп, командаластарын алға жетелегенімен, Дания құрамасының қорғанысын бұза алмады. Есесіне Дания құрамасының 11 нөмірлі ойыншысы Хойлунд ойынның 21 және 36 минуттарында қос гол соғып, командасын алға шығарды. Қазақстан құрамасы бұл екі голға алғашқы таймда жауап голын соға алмады. Екінші таймда Дания құрамасының бапкері  Юльман мырза жеңістеріне ерте сенді ме, әлде доп домалақ екенін ұмытты ма, бірден үш ойыншысын ауыстырып, тактикалық өзгеріс жасады. Қателескен тұсы да осы болды. Юльман бапкер сеніп шығарған жігіттері Дания құрамасының ойынына жан бітіре алмады. Ұлттық құраманың бапкері Магомед Адиев осыған дейін баспасөз мәслихатында жігіттердің ауыз бекітуіне менің еш қарсылығым жоқ деп ниетін білдірген еді. Екінші таймда  Қазақстанның ойыны өзгеріп сала берді. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзды. Қақпаға белгіленген пенальтиден Бактиёр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ, гол жіберіп алған Дания құрамасы есепті еселейміз деп жүріп, ойынның 86-минутында капитанымыз Асхат Тағыбергеннің алыстан бағытталған жойқын соққысын қайтара алмады. Тағыбергеннің ғаламат соққысы Дания құрамасын түбегейлі есеңгіретіп тастағандай. Онсызда ойда жоқта екі гол өткізіп не істерлерін білмей қалған Дания құрамасына 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға енгізіп, ойындағы нүктені қойды. Осылайша ел мақтап, қыз жақтаған қақпашы Каспер Шмейхельге Қазақстан құрамасы 3 гол соғып, 3 ұпай еншіледі. Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен еді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды. Дания ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатында 2020 жылғы қола жүлдегері екенін айтып өтейік. Сондықтан бұл жеңістен кейін Дания елі ғана емес, күллі Еуропа құрлығы таң қалып, біз жайлы сөз етуде. Қазақ футболы жаңарып келеді деген сөз. Әсіресе Асхат Тағыбергеннің салған голы Еуропаның әлеуметтік желілерін шарлап кетті. Осы іріктеу ойындарының үздік голы атануы ғажап емес. «Армандар орындалады, тек сене білу керек. Жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. Ойыннан кейін жанкүйерлердің алдында толқып көзіме жас келді, бұл голды әкеме арнаймын. Бастысы жүректе үлкен үміт болды, жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!» – деп, ойыннан кейін капитанымыз Асхат Тағыберген ойымен бөлісті. Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді. 

Рауан МУТАИР
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 21
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 54
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 36
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 62

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1207
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7253
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11118
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7317
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7464