«Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия өтті

  «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия өтті

Алғаш рет Республикалық деңгейде  «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия өтті. 

“Ағаштың бұтағы иір  болғанымен, тамыры бір” деген сөз бар дана халқымызда. Бала тәрбиесінде  әр әулеттің өзіндік ұстанымы, бағыт-бағдары болғанымен, жастың болашағы ортақ, қоғамдық мәселе. Біз ұрпағымыздың ұлттық құндылықтар негізінде  тәрбиелей отырып, тұтастай ұлттың келбетін қалыптастырамыз.

Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министірі Ғани Бектайұлының басшылығымен орта білім беру жүйесіндегі “Ұлттық тәрбие” бағытын қайта жаңғырту жұмыстарын Ы. Алтынсарин Академиясы мен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық Қоғамдық Қоры бірлесіп жасауда.

«Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия ел көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Республика бойынша сауалнама өткізіліп, 20 мыңнан астам ұстаз, ғалым мен ата-анадан ұрпақ тәрбиесі хақында ой-пікірлері алынған. 

Форсайт-сессияда барлық аймақтан жиналған ұстаздар, ата-аналар өкілі, облыстық білім бөлім басшылары, жетекші мамандар бас қосып, қазіргі жергілікті деңгейдегі проблемалар, сын-сұраныстар және алдағы уақыттағы трендтер мен өзгерістерге болжам жасалды.

Жастардың 69% әлеуметтік желіні тұтынады деген нақты статистика бар. Бүгінгінің баласын әлеуметтік желі тәрбиелесе, ұлттық құндылығымыздың халі нешік?! 

Бұл көкейкесті сауал асыл мұрат жолында жүрген әр адамның санасында бар  деп ойлаймын. Сол себепті біз әлеуметтік желіде  ұлттық сипатта сапалы контент әзірлеуміз қажет. Демек, ұлт мұратын түгендеп, елдің рухани әлемін тереңдететін әдіс-тәсіл қажет. Форсайт-сессияның мақсаты - осы мәселені барынша тереңінен қозғау. 

Бастама болашақта әр өңірде жалғасын табады. Есті қоғам құруда адам баласының ұйқылы-ояу жүріп,  бойкүйездікке салынуына  жол жоқ. Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікір болған жерде жемісті еңбек болары сөзсіз.

Дархан ӨТЕ, ФБ парақшасынан
17.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404