24 сәуірде Астана қаласындағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Комитет төрағасының басшылығымен өткен отырысқа Комитет мүшелерінің қатысуымен Ішкі істер министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов және оның бағыттар бойынша орынбасарлары, сондай-ақ Бас қолбасшылықтың бас басқармаларының бастықтары қатысты.
Отырыс барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов халық қалаулыларын құқықтық тәртіп әскерлерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сонымен қатар, оларға қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскерлердің тыныс-тіршілігіне елеулі әсер ететін бірқатар проблемалар айтылды.
Атап айтқанда, Астана қаласында Ұлттық ұлан авиабазасын, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында және Түркістан облысының Түркістан қаласында әскери қалашықтарды салуға әскерлерді қосымша қаржыландыру мәселелері қозғалды, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелерді нығайту үшін қаржыландыруды кеңейту мәселелері талқыланды.
- Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық ұланды сандық және сапалық жағынан жарақтандыру міндетін қойды. Бір жылдан бері бұл жұмыс жүргізілуде. Айта кету керек, Ұлттық ұлан тек республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және қосымша қаржыландыру көздері жоқ. Бұған дейін Мемлекет басшысына Ұлттық ұлан бюджетінің ұлғаюы туралы баяндалған болатын, бірақ бұл қаржы қаражаты әскерлердің штат санын ұлғайтуға кеткен болатын. Болашақта қаржы тапшылығына тап боламыз деп болжануда, - деді әскерлердің Бас Қолбасшысы.
Көшпелі отырыс барысында Ұлттық ұланның тыныс-тіршілігіне қатысты басқа да мәселелер талқыланды. Қорытындылай келе, Комитет төрағасы Айгүл Құспан бастаған комитет мүшелері Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметтің барлық міндеттерін орындауға дайын екендігіне көз жеткізді.
- Ұлттық ұланның қызметін сапалы және жедел жүзеге асыру үшін шешілуі қажет бірқатар мәселелер бар. Біз оларды түртіп алдық және оларды жүзеге асыруға күш саламыз. Көшпелі отырысты ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз бүгін әскерилердің көзінен патриотизмді көрдік.
Біз әскери қаржыландыру тапшылығы мәселесін шешеміз деп ойлаймыз, - деді Айгүл Құспан.
Халық қалаулылары "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерімен, бөлімнің инфрақұрылымымен, казармалық-тұрғын үй қорымен, материалдық-техникалық жарақтандырумен, әскери техникамен және қару-жарақпен, сондай-ақ Ұлттық ұлан арнайы күштерінің даму перспективаларымен көздерімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар Ұлттық ұлан әскерлерінің қолбасшылығы тарапынан айтылған мәселелерді шешу үшін олардың одан әрі заңнамалық қызметі барынша пайдаланылатынына сендірді.