ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Бүгін білім басқармасы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдым.
 
Дархан Нұрланұлы Біләлов басшылық етіп отырған білім ордасы еліміздегі алғашқы жоғары білім ордасы болып табылады. Университет алғаш құрылған кезден бастап күні бүгінге дейін қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті маман даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді.
Қол қойылған ынтымақтастық меморандум қос тарапқа да тиімді. Себебі, жарғы негізінде алдағы уақытта ЖОО-ның және орта білім беру ұйымдарының ұстаздарының біліктілігі жетілдіріліп, бірлескен жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ұлттық университетті бітірген Жамбыл облысының түлектерін Әулиеата жеріне маман ретінде қабылдау жоспарда бар.
 
 
Бейқұт Жамангозов, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы
19.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5372
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5529
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20497
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22589