Ұлттық жоба Ақмолада оң нәтиже беруде

Ұлттық жоба Ақмолада оң нәтиже беруде

Соңғы  жылдары облыстың өнеркәсіп секторы  жалпы өңірлік өнім құрылымында басым салмаққа ие болды. Әлеуметтік нысандар көптеп  салынып, экономика көлемі артып, халықты баспанамен қамту нәтижелі жүріп жатыр.  Әлемдегі күрделі саяси және  экономикалық жағдайға қарамастан, өнеркәсіп секторында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін ұлғайту және өнеркәсіпті орнықты дамытудың оң нәтижелері байқалады.  

Бұл  «Қуатты өңірлер  – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы іске асып жатқанының белгісі. Осы орайда облыс экономикасы жайлы мәліметтерді оқырман қауымның назарына тарту етпекпіз.   

Әкім елорда іргесіндегі аудандарды аралады 

Тарихымыздың өткені – болашағымыздың өткеліОблыс әкімі Ермек Боранбайұлы Астана іргесіндегі Қосшы қаласы және  Целиноград   Аршалы аудандарында іссапармен болып,   бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сапардың негізгі мақсаты «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының орындалу барысын саралап, алда атқарылатын міндеттерді айқындау болатын. 

 Өңір басшысы сапар басын Қосшы қаласынан бастауды жөн көріпті. Әкім бірінші кезекте  қалада жаңа  ашылған  «AQ ANYZ» кондитерлік цехының жұмысымен танысты. «Цех  әртүрлі дәмді десерттер, торт,  тоқаш-бауырсақтар  мен бәліштің түр-түрін шығарады. Өнімге қала тұрғындары риза және сұраныс көп. Бүгінгі күні мұнда 25 адам жұмыс істейді.   

⬇ Скачать картинки Кондитерский цех, стоковые фото Кондитерский цех в  хорошем качестве | Depositphotos

– Сұранысқа сай екі ауысымда жұмыс жасап,  жұмысшы санын  50-60 адамға арттыру жоспарда бар. Соған сай ассортиментті кеңейтіп, өзге де өнімдерді сатылымға шығарамыз. Қалада дәмді тағам, нан өнімдерін сату үшін бірнеше сауда нүктесін ашып, халыққа тыңғылықты қызмет жасайтын боламыз, – деп, кондитер цехының басқарушысы Азат Хамзин облыс әкіміне қысқаша цех жағдайын таныстырды.  

Келесі кезекте облыс әкімі Ермек Боранбайұлы «Нұрай» тұрғын үй кешені  аумағында салынып жатқан, құны 3,6 миллиард теңге болатын, 1200 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.  Нысан осы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға берілуі  тиіс. Бірақ құрылыс барысы сылбыр көрінеді, атқарылып жатқан жұмыс көңіл көншітпейді.

Құрылыс мердігері «Астана көктем С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры:

– Асфальт, қиыршық тас төселді, спорттық жолдар салынды, айнала абаттанып жатыр. Жасыл желектер отырғызылды. Жүзге тарта адам жұмыс жасап жатыр. Жұмыс барысы қалыпты, – деп әкімге  баян етті. 

Өңір басшысы өткен жылдан бері мұнда ештеңе өзгермегенін, көптеген кемшіліктер барын атап,  нысанда 100 адам еңбек етуде деген мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтып, мердігер өкіліне ескерту жасап,  жұмыс барысын жеделдетуді тапсырды.                                    

– Қаржы  жеткілікті көлемде бөлініп жатыр, ал сіздер өз жұмыстарыңызға салғырт қарайсыздар. Жүктелген міндетті орындау керек, сөз бен ісіңіз талапқа сай болсын! – деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ, облыс әкімі жұмыс сапары барысында үлгілік жоба бойынша салынып жатқан  өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Аумағы 2269 шаршы метрді құрайтын жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Штат бойынша  95 адам жұмыс жасайды. Арнаулы  4 техника сатып алыныпты. Мұнда қызметкерлерге арналған баспана салынуда, онда үш бөлмелі бір, екі бөлмелі екі, бір бөлмелі  үш пәтер орналасқан.

Бұл – алты пәтерлі үй  жедел жұмыс істейтін депо қызметкерлеріне арналған. Айта кету керек, осындай типтік деполар Қоянды, Қараөткел, Талапкер елді мекендерінде салынатын болады.  Мақсатқа сай   жер телімдері бөлініпті. 

Өңір басшысы көктемгі су тасқынының алдын алу жайына да тоқталды. Ол сөзінде:

– Биылғы жылы су тасқынының  алдын алу шаралары жүйелі жүргізілгенінің арқасында қазіргі таңда бұл аумақта  қауіп сезілмейді. Қар көп шығарылды, жағдай бақылауда, –  деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімі Целиноград ауданында Қараөткел мен Талапкер ауылдарының  ішкі көше-жол желісін жөндеу және автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарының  дайындығымен де танысты.

 Акимом Целиноградского района Акмолинской области назначен Бахидбек  Оспанбеков | НовостиАудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков:

– Қараөткел ауылының жол желісі 108 шақырымды құрайды, оның 77 шақырымы асфальтталған. Ендігі арада жаяу жүргіншілер жолын салу,  жол жиектерін жабдықтау мәселесін қолға алып жатырмыз, – деп, сонымен қатар, электрмен жабдықтауды жүргізетіні жайлы қысқаша баяндады. 

Мәселенің мәнісіне қаныққан өңір басшысы:

– Жаңа шағын аудандарды салу кезінде жобалық-сметалық құжаттарды ресімдеу мәселесін кешіктірмеу керек. Кенттегі құрылыстың ретсіз салынуына жол берілмесін. Әр салынатын нысан  кенттің  бас жоспарына сәйкес салынғаны абзал. Жол, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау бойынша жобалардың барлық құжаттары дұрыс болуын бақылауда ұста, –  деп, аудан әкіміне  тапсырма жүктеді. 

Әкім Ермек Маржықпаев Қоянды ауылында жаңа салынған   мемлекеттік тілде білім беретін  «Ай-Көркем» балабақшасында болды. Балабақша  280 балаға лайықталып салынған. Ғимарат екі қабаттан тұрады.   Нысан  орталық сумен жабдықталып, автономды жылытылады. Облыс әкімі ғимараттың сапасын, интерьерді, жайлы жабдықталған жатын бөлмелерді, музыка залын, асхананы аралап шығып, оң баға берді. Сырттағы кішігірім кемшіліктерді жазғы маусымда талапқа сай реттеуді тапсырды.  

Ермек Боранбайұлы сапар соңында Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылындағы 2 шақырымдық «Безымянная» бөгетін аралап, нысанның сапасын, төзімділігін мамандардан нақтылап білді.   1965 жылы салынған бөгеттің тозығы жеткен десті мамандар.   Аудан әкімі Мұрат Балпан бөгетті қалыпты сақтап тұру үшін  алдымен Есіл өзенінің арнасын тазалау қажеттігін айтты.

Облыс әкімі:

– Кент ойпатта орналасқандықтан, тасқынның алдын алу шараларын жүйелі жүргізу қажет. Бөгеттегі су өткізгіш құрылыстары тосқауыл ретінде емес, толық көлемде жұмыс ырғағын қауіпке сай қалыптастырып, судың ағынын бақылап отырған жөн, – деді.  

Өңір басшысы осы  ауылда салынып жатқан  300 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты. Жобаның құны – 1,7 миллиард теңге.  Бұл мектепте де кемшіліктер көп болды. Әкім мердігер ұйым басшыларына мектеп құрылысына қатысты біршама кемшіліктерді атап, құрылыс сапасына  мән беріп,  жұмыс барысын қарқындатып, межелі уақытта пайдалануға беруді ескертті. Өңір басшысы сапарлаған қала, аудандарда  ұлттық және басқа да жобалардың  іске асу барысы қалыпты болғанымен, жаңа нысандардың жұмыс ырғағына көңілі толмайтынын   атап, тиісті орын, оған жауапты қызметкерлерге ақыл-кеңес беріп, қатаң міндеттер жүктеді.

 

Өңір экономикасы ойдағыдай дамып келеді

Соңғы он жылда Ақмола облысының жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп секторы басым салмаққа ие болды. Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық жағдайға қарамастан, өнеркәсіп секторында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін ұлғайту және өнеркәсіпті орнықты дамытудың оң нәтижелері сақталғаны жайлы  облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мәлім етті. Бұл дегеніміз «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы барысы қалыпты деңгейге көтеріліп жатқанының белгісі.   Осы орайда Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспановтың өңір экономикасының дамуы  жайлы берген мәліметтеріне қысқаша тоқталсақ. 

Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды? |  BAQ.kz

Басшы Е.Оспановтың  мәлімдеуінше,  2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында  облыс алғаш рет рекордтық көрсеткішке ие болып, яғни өндірген өнім 1,5 триллион теңгеге жетіп, өңір экономикасын алға дамытудың қадамын көрсетті.  Ерекше екпін түсіре атап өтерлігі, республикалық рейтингте Ақмола өңірі 2022 жылы өнеркәсіптің даму қарқыны бойынша көшбасшы болып отыр. Республикамызда өндірілетін мамандандырылған автомобильдердің әрбір екіншісі біздің өңірде шығарылса, елімізге қажетті мойынтіректер 100 пайыз бізде өндіріледі. Сонымен қатар,  еліміздегі өндірілген құрамында алтын бар кеннің әрбір 2-ші тоннасы Ақмола облысына тиесілі,  астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың әрбір екіншісі, керамикалық кірпіштің әрбір үшіншісі, салқындатылған құс етінің әрбір үшінші тоннасы,  алтынның  әрбір 3-інші келісі бізде өндіріледі.     

Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?                                                                                     

Өткен жыл өңіріміздің өнеркәсіп саласы бойынша өнімді жыл болды. Тарқатып айтар болсақ, өнеркәсіптік өндіріс құрылымында өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласының үлес салмағы – 10,7 , өңдеуші саласы – 80,8, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 7,8 , сумен жабдықтау саласы 0,7 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі – 141,2 пайыз, өндірілген өнім көлемі 159,0 млрд теңге көлемінде болды. Өсім құрамында алтын бар кендерді өндіру көлемінің 48,8 пайызға өсуі, мыс концентраттарын өндіру көлемінің 32,8 пайызға ұлғаюына байланысты. Ал, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі – 110,7 пайыз, өндірілген өнім көлемі 1197,2 млрд теңгені құрады. Химия саласында 135,4, металлургияда 121, сусындар өндірісінде 129,4 пайыз және резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 101,5, тамақ өнімдерін шығаруда 101,1 пайызға жетіп,  оң динамикаға қол жеткізілді.  Химия өнеркәсібінде пестицидтер өндіру көлемі 48,9, этил спирті 25,7 пайызға ұлғайды. Металлургия саласында өңделмеген алтын өндіру көлемі 16,9 пайызға өсті. Бұған «Aksu Technology», «RG Processing» серіктестіктерінің жүйелі атқарған жұмысы оң серпін берді. Алкогольсіз сусындар өндірісінде де өсім бар.  Мысалы сусындар 37,1, арақ өндірісі 43,2 пайызға өсті.  Бұл көрсеткішке «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының үлесі зор. Азық-түлік өндірісі, оның ішінде ұн өндірісі 36,9, өсімдік майы 39,7, сары май 8,5 пайызға өсті. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде пластмассадан жасалған құбырларды өндіру көлемі нәтижеге жетті. Көріп отырсыздар, өткен жылы өсімсіз өндіріс саласы жоқ деуге болады.

Алдағы жылы да осы қарқыннан таймай, өнім көлемін арттыру жоспарда. Атап айтсақ, 2023 жылы Қазақстан Республикасы бойынша алтын өндірісін 30 пайызға жеткізу, құрамында алтын бар кен өндірісін 57 пайызға арттыру, кірпіш шығару көлімін 45 пайызға дейін ұлғайту, құс етінің үлесін 40 пайызға көтеру мақсаты тұр. Тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларының қуатын арттыру жалғасуда. Мәселен, қуаттылығы жылына 25 мың тонна ет өндіруге жететін «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің 3 кезеңінің құрылысы жүріп жатыр.  Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 14,4 мың тонна сұлы жармасын өндіретін «Баха Сонех» серіктестігі, өсімдік майын өндіретін жылдық қуаттылығы 198,0 мың тоннаға жоспарлаған «Бота – 2015» серіктестігі өз жұмысын бастады.

Тау-кен металлургия кешенінде «RG Processing» серіктестігі өндірістік қуаты жылына шамамен 5 тонна Доре қорытпасын немесе 5,0 млн тонна құрамында алтын бар кенді құрайтын алтын шығару өндірісін іске қосты. Құрылыс индустриясында да жайлы үрдіс қалыптасуда. Мәселен, «SG Brick» серіктестігінің қуаттылығы жылына 120 млн дана болатын ірі кірпіш зауыты іске қосылды. Осыған байланысты облыс бойынша кірпіш өндірісінің жалпы көлемі екі есеге артты. Яғни біздің өңір жылына 304 млн дана кірпіш өндіруге мүмкіндік алды.  

2022 жылы облыс экономикасына 4,3 пайыз өсіммен 566,6 млрд теңге инвестицияланды, оның  131 млрд  теңгесі өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі.  Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялар көрсеткіштерінің оң серпін көрсетуі   инвестициялық жобалардың іске асуынан. 2022 жылы жеке инвестициялар есебінен барлық салаларда 230,6 млрд теңге мөлшерінде 163 жоба іске асырылып, оған сай 3,5 мың жұмыс орны пайда болды. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 165,1 млрд  теңгелік  8 жоба қолға алынды. Осы орайда, 2022 жылы нәтиже көрсеткен  ең ірі инвестициялық жобаларға тоқталсақ. Олардың қатарында Бурабай ауданындағы «RG Processing» алтын өндіру фабрикасы бар. Аталмыш өнеркәсіп орнына салынатын инвестиция көлемі 105 млрд теңге. Жылдық қуаты 5 тоннаға дейін Доре қорытпасы немесе 5 млн  тонна кен өңдеумен айналысады. Сонымен қатар, Аршалы ауданындағы «SG Brick» кірпіш зауыты 27 млрд теңге инвестицияның есесінен жылдық қуаты 120 млн данаға жететін кірпіш өнімін өндіргелі отыр. Шортанды ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Kazakhaltyn Technology» фабрикасы 16,8 млрд теңге инвестиция салудың нәтижесінде жылына 650 мың тоннаға дейін немесе 1200 келіге дейін Доре қорытпасын өңдейді. Аршалы ауданындағы «SG Beton» темірбетондар шығаратын зауытта да инвестиция көлемі  15 млрд теңгені құрайды. Бұл кәсіпорынның қуаты артуына септігін тигізеді. Ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстар жүйелі жүзеге асырылатын болса, 2023 жылы 266 млрд теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде 4,2 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылғы ең ірі инвестициялық жоба – Аршалы ауданындағы Borey жел электр станциясы. Оның  инвестиция көлемі – 42,5 млрд теңге, жалпы қуаты 206 МВт-ны құрайды. Сонымен қатар, «Макинск құс фабрикасының» 3 кезегі іске қосылады. Инвестиция көлемі – 25,7 млрд теңге, жылына 28 мың тонна ет өнімін өндіреді. Сонымен қатар, Зеренді ауданында жел электр станциясы, яғни Power эталоны жобасы жүзеге асырылмақшы. Оның  инвестиция көлемі  – 11 млрд теңге, қуаттылығы – 18 МВт. Аршалы ауданындағы «SG Brick» кірпіш зауытының 2 кезегі іске қосылады деп күтілуде, инвестиция көлемі  – 10 млрд теңге, жылдық қуаты – 120 миллион дана кірпіш.

Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?

Өңірімізде туризм саласы бойынша да бірқатар ауқымды жобалар іске асырылуда. Атқарылып жатқан ілкімді істер сала көрсеткішінің оң өсімін көрсетіп отыр. Ақмола облысы елдің туристік әлеуетін іске асырудың басым нысаны болып табылады. Облыста туризм саласындағы 600-ден астам кәсіпорын бар, оның 354-і орналастыру нысаны, 16  санаторлық-курорттық, 186-сы жол бойындағы сервис субъектілері. Туристік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар 57 туристік  фирма жұмыс істейді. Статистикалық деректерге сәйкес, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста туристерді орналастыру орындарының саны 354-ті құрады.  Сөйтіп, былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 122 пайызға өсті. 2022 жылы жалпы инвестиция сомасы 14,4 млрд теңгеге жетіп, 114 жұмыс орны құрылып, 15 жоба іске қосылды.

2023 жыл 23,8 млрд теңгенің 60 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Ақкөл ауданында «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  емдеу-сауықтыру орталығының құрылысының жобалық  құны – 4,5 млрд теңге. «Wyndham Residence Aqkol Club» курорт-қонақүйінің құрылысы да қолға алынады. Бұл жобаның жалпы  құны – 2,0 млрд теңге. Целиноград ауданында демалыс аймағы мен балалар сауықтыру спорт кешенін салу, Бурабай ауданында «Звездный» балалар сауықтыру кешенін қайта жаңарту, Аршалы ауданында демалыс аймағын салу және қайта жаңарту жоспарлы түрде жүзеге асатын болады. 

Туризм саласы туралы мәселелерді тілге тиек етер сәтте, әрине, бұла табиғаты бар Бурабай туралы айтпай  кету мүмкін емес. «Бурабай» курорты – қарқынды дамып келе жатқан туристік аймақ. Биылғы жылы онда көліктік-логистикалық және инженерлік  инфрақұрылымдар салу Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Туристік бизнесті мемлекеттік қолдау шеңберінде 2022 жылы 3 кәсіпкерлік субъектісіне 749,7 мың теңге сомасына субсидия берілді. Сондай-ақ, туристік орындарды танымал ету үшін 2022 жылы «Four Season» тұжырымдамасы аясында 10 мың келушіні қамтитын 12 ірі іс-шара өткізілгені айтылды. 

Жоғарыда  баяндалған игі іс-шаралар,  инвестициялық жобалар жақсы нәтижеге жетелейді.  Жақсы ахуал  аясында өнеркәсіп және туризм салаларында атқарылған және атқарылғалы отырған ауқымды істер Ақмола өңірінің  экономикасы мен әлеуметтік жағдайын ілгерілетуде берік негіз барын көрсетеді.

Қуатты өңір болу үшін  экономиканың қарқынды дамуы, инвестициялық жобалар тиімді жоспарланып, әр өңірдің ерекшелігіне байланысты  жүзеге асырылғаны жөн.  Жобаларды жасақтап, оны жүйелі іске асыруда білікті маман дайындау, өндіріс ошақтарын арнаулы мамандармен қамтамасыз ету,  өңірді  өркендету халықтың әл-ауқатын жақсартуда оң нәтиже беретінін баса айтқан жөн. 

ДАХАН ШӨКШИР, Ақмола облысы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9021
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8417
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11644
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9400
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10627