Ұлттық жобаларға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек

Ұлттық жобаларға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында ұлттық жобаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылды.  Сонда сөйлеген президент  Қ.Тоқаев: «Қаржыландыруға қатысты мәселе бар. Презентацияға сәйкес, жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру шығынының бір бөлігін көтеру, яғни 3,3 триллион теңге қаржы бөлу жергілікті бюджетке жүктеліпті. Бұл аз қаражат емес. Жергілікті бюджет бұған дайын ба? Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бюджетаралық қатынастардың нақты механизмдерін анықтап алу керек. Ұлттық жобаларды қаржыландыруға қажетті 49 триллион теңгенің 33 триллионы немесе жалпы соманың 67 пайызы бюджеттен тыс қаражатқа тиесілі. Бұл қаржылар егжей-тегжейлі пысықталып, нақты жобаларға бағытталған және қаржыландыру көздері анықталған деп ойлаймын. Жеке инвесторлармен арадағы шала жүргізілген жұмыстардың кесірінен ұлттық жобалардың жүзеге асырылмай қалуына жол бермеу қажет. Жеке инвестицияларды тиімді тарту мәселесі бюджет қаржысын ақылға қонымды пайдалану сияқты маңызды екенін естеріңізге саламын», – дей келіп, жалпы ұсынылған ұлттық жобаларды мақұлдауды ұсынды. Үкіметке бекіту туралы тиісті қаулыны екі апта ішінде қабылдауға тапсырма берілді. «Үкімет пен Агенттік сараптама қоғамдастығы мен халық арасында тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізгені жөн. Айтылуы мүмкін сындарға нақты әрі жедел жауап беру қажет. Үндемей қалуға болмайды. Конструктивті диалог жүргізу керек. Ұлттық жобалар бекітілгеннен кейін бірден жүзеге асыруға кірісіңіздер», – деп тапсырды мемлекет басшысы. Президент ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына қарай олардың орындалу барысын қарастырып, қажетті шешімдер қабылдайтынын атап өтті.

Ермек Сахариев
27.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852