«Ұлы дала рухы» фестивалі

«Ұлы дала рухы» фестивалі

Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Ұлттық спорттың көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі. Екі айдан астам уақытқа созылатын бұл фестиваль II кезеңге бөлінген. I кезең аймақтық іріктеу жарыстары. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді. Аймақтардағы іріктеу жарыстары қазан айының басында мәреге жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққан командалар фестивальдің II кезеңі финалда өнер көрсетеді. Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік өңірінің жеңімпаз командалары анықталды. Фестивальдің батыс аймақтық іріктеу жарыстары ағымдағы жылдың 26-28 тамызы Орал қаласында көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы атудан спортшылар қалалық атшабарда сынға түссе, қазақ күресі, асық ату жоғары спорттық шеберлігі мектебінде, тоғызқұмалақ оқушылыр сарайында байрақты бәсекелер өтеді. Батыс аймақ іріктеу жарыстарына: БҚО, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 225 спортшы қатысады деп күтілуде. Ұлттық спорт жарыстарын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК ұйымдастырады.

Ермек САХАРИЕВ

Ермек Сахариев
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5036
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5200
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20159
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18803
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22259