«Ұлы дала» шағын ауданына салынатын саябаққа алғашқы тал көшеттері егілді

«Ұлы дала» шағын ауданына салынатын саябаққа алғашқы тал көшеттері егілді
Бүгін «Ұлы дала» шағын ауданында салынып жатқан саябақта «Жасыл желек – жердің көркі» атты ағаш отырғызу акциясы өтті. Шара барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері, жастар және өзге де қала тұрғындары саябаққа алғашқы тал көшеттерін отырғызды. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, Қырғыз Республикасының Талас облысынан келген қонақтар да тал егіп, акцияға үлес қосты.
🔹Жалпы «Ұлы дала» шағын ауданында бой көтеретін саябақ тәуелсіздік жылдарында Таразда салынатын алғашқы саябақтардың бірі болмақ.
🔹Қазіргі таңда «Ұлы дала» – облыс орталығындағы ең ірі шағын аудан. Бүгінде мұнда 50 мыңнан аса халық тұрмыс кешуде. Сондықтан аталған шағын ауданның инфрақұрылымын дамытып, жасыл желекке бөлеу айрықша назарда.
Жалпы бұл саябақтың аумағы он гектарды құрайды. Мұнда 4500 мыңға жуық тал-дарақ отырғызылады деп жоспарлануда. Оның ішінде 600 қарағай, 200 ден аса тікенекті және еуропалық шыршалар, 300-ден аса әр түрлі сортты терек, катальпа, туя, алқоры, үйеңкі, гортензия, сирень, шынар және тағы басқа ағаштар егіледі. Бүгін шара барысында 1000-ға жуық тал-дарақ егілді.
Осы егілген ағаштарға дұрыс күтім жасалып, ел игілігіне жараса, саябақ үш аумақтың демалыс орталығына айналатыны сөзсіз. Өйткені, мұндағы елу мыңнан аса тұрғыннан бөлек, «Бурыл» тұрғын алқабы мен «Төрткүл» алқабында демалыс орындары қарастырылмаған. Міне, осы саябақ сол олқылықтың орнын толтырады.
🔹Бұл бағытта жоспарланған ауқымды жұмыстар тек мұнымен шектелмейді. Атап айтсақ, шағын аудан қасынан өтетін екі канал да келесі жылы абаттандырылады деп жоспарлануда. Осы мақсатта биыл «Түйте» каналының 1700 метріне механикалық тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ канал маңына биыл ағаш егу жұмыстары басталады. Келесі жылы каналдың бойы толық абаттандырылып, тұрғындардың жайлы демалысына жағдай жасалады.
🔹Жалпы, шағын ауданды дамыту бағытында қолға алынған ілкімді істер жетерлік. Атап айтсақ, аталған аумақта көпқабатты тұрғын үй саны 144-ке дейін жетті. Негізі, 2018-2022 жылдар аралығында 96 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылса, биыл 45 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ 15 шағын ауданда 4 орта мектеп, 5 балабақша, 2 медициналық орталық, 1 мешіт, 1 балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру кешені, Оңалту орталығы және 2 мемлекеттік әкімшілік ғимарат қарастырылған.
Қазіргі таңда «Ұлы далада» 4 мектептің құрылысы бастау алды. Биыл 1200 орындық мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған 3 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталады. Оның екеуі «Жайлы мектеп» жобасы.
📌Бұл атқарылатын жұмыстың барлығы жаңадан бекітілетін Бас жоспарға енгізілген.
Тараз қаласының әкімдігі
14.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 78
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576