«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: БІРІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: БІРІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

БІРІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

16 КОМАНДА ҚАЛДЫ

 

Бүгін, 19 мамырда, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 19 команда Павлодар қаласы маңындағы «Атамекен» елді мекенінен Екібастұзға аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің алғашқы 100 шақырымын бағындырып, бірінші кезеңнің мәресі Екібастұз маңында аяқталды.

Алғашқы кезең қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Солтүстік-Қазақстан облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, алғашқы кезеңде бірден үш команда (Алматы мен Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) жарыстан әртүрлі себептермен шығып қалды.

 

 

«Аттардың шама-шарқын бағамдаған шабандоздар сәйгүліктерін қинамай, дер кезінде жарысты тоқтатқандары жақсы шешім болды», -  дейді Бас төреші Надежда Купцова.

Бірінші кезеңде Батыс-Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары екі аттан, Абай облысының командасында бір ат жарысқа жарамсыз деп танылды. Жалпы 20 мамырда 2-кезеңді 16 команда жалғастырады. 

 100 км:

1. ШҚО -  - 5 сағ. 47 мин.

2. Маңғыстау облысы - 5 сағ. 49 мин.

3. СҚО - 5 сағ. 51 мин.

4. Жамбыл облысы - 5 сағ. 52 мин.

5. Жетісу облысы - 5 сағ. 55 мин.

6. Алматы қаласы - 6 сағ. 09 мин.

7. Ақмола облысы - 6 сағ. 23 мин.

8. Павлодар облысы  - 6 сағ. 29 мин.

9. Қостанай облысы - 6 сағ. 30 мин.

10. Астана қаласы - 6 сағ. 35 мин.

11. Абай облысы  - 6 сағ. 35 мин.

12. Түркістан облысы - 6 сағ. 39 мин.

13. Қарағанды облысы - 6 сағ. 40 мин.

14. Ұлытау облысы - 6 сағ. 55 мин.

15. БҚО - 6 сағ. 57 мин. 

16. Команда «Рекорд».

 

 

 

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 15 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.). 

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

 

 

Өткен екі жыл қатарынан елімізге есімі танымал әуесқой велошабандоз Раббим Борашов аттылы шабандоздармен бірге Астанадан Түркістанға дейінгі 1200 және 1300 шақырымды бағындырған еді. Раббим Борашов – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы. Спортшы бұл жолы да 5 күндік аламанға қатысып, 500 шақырымды бағындыруды жөн көріпті.

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.  

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

 

 

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.

БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

19.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 196
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 23
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 211
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 211
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 228
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 211
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 199
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 194
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 217
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 207
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 215

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10492
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9471
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12707
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11677
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16689