Ұлық тұтар ұлы заң!

Ұлық тұтар ұлы заң!

Орал қалалық полиция басқармасы мен қалалық «Мектептен тыс жұмыс орталығы» бірлесе ұйымдастырған шара осылай аталды.

Орал қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс-шараның мақсаты – балаларды ел рәміздерін қастерлеуге, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеуге, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.

ҚР Конституциясы күні қарсаңында өткізілген мерекелік кешке ата-аналар, орталықтың белсенді тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы балалар, ұстаздар, қала тұрғындары, Орал қаласы полиция басқармасы мен «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының басшылығы қатысты. Алдымен құттықтау сөз алған мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Тлек Қуанышкереев мерекенің маңызына тоқталды. Бұдан әрі кешке қатысушыларды мерекемен құттықтаған «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының төрағасы Павел Ставкин, қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мәдина Құспанова балғын өнерпаздардың болашақтарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ балаларға қосымша білім мен тәрбие беру ісінде аянбай еңбектеніп жүрген мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымына ризашылықтарын жеткізді. Орталық басшысына қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сағындық Аяғановтың алғысхаты тапсырылды.

Орталықтағы «Үкілі домбыра», «Асыл перне», «Жас оқырман», «Сәулем-ай» үйірмелерінің өнерлі оқушылары күй тартып, би билеп, мәнерлеп өлең оқып, өз таланттарымен тәнті етті. Ал мұндағы жас спортшылар таэквондо күрес өнерінен үзінділер көрсетсе, суретшілер асфальтқа, ақ қағазға сурет салып, сиясы кеппеген туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Мерекелік іс-шараға қатысқан балаларға, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамы атынан түрлі сыйлықтар таратылды

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
28.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 378
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645